Баянауыл ауданында журналистка ардагері, ақын әрі қоғам қайраткері Амангелді Қаңтарбаевты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир өтті. Спорт бәсекесі биыл бесінші рет ұйымдастырылды.
Дәстүрге айналып үлгерген турнир еліміз бойынша танымал жарыстардың қатарына қосылып келеді деуге болады. Бұл жолы да облыстың әр ауданынан, елдің әр аумағынан 2010, 2011 жылдары туған жас сайыпқырандар жиналды.
СЕРІК БАТЫРҒҰЖИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Спорт арқылы біз жастарымыздың салауатты өміріне негіз береміз деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға, Ардақ Амангелдіұлына алғыс айтамыз. Жарыс демеушілердің қаржысымен, ел болып ұйымдастырылуда. Елге амандық болсын! Тәуелсіз еліміздің жастары мықты, беделді болсын!
ҚОРАБАЙ ШӘКІРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Ауданымыздың, еліміздің берекелі жеріне айналған кешендегі жарысымыз құтты болсын! Алыстан келген балалар да бар екен. Бәрі де сәтті болсын!
Турнирге он салмақ дәрежесі бойынша 150 ге жуық балуан жиналды. Баршасы болашақ татами жұлдызы болу жолында тер төгіп жүрген өрендер. Алғашында ауылда өткен жарыс, былтырдан бері Баянауылда ұйымдастырылып, ауқымы кеңейіп келеді. Биыл су жаңа спорт кешенде өткен алғашқы бәсеке ретінде танылды.
АМАНГЕЛДІ РАЙ, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ
Ең алғашқы жылда бір ауылда өткізіп жүргендіктен сырттан көп адам шақыра алмадық. Былтырдан бері сырттан командалар келіп жатыр. Астана, Қостанай, Семей. Тағы да ұсыныс білдіріп жатқандар көп. Келесі жылы республикалық деңгейге көтереміз едп отырмыз Алла қаласа.
Дзюдо күресінде ересектер 4 минттар күрессе, кіші жасөспірімдер 3 мнуттан күрседі. Сондай-ақ, бұл жас категориясына қылқындыру әдісін қолдануға тиым салынған. Жарысқа келген өрендер бар мүмкіндіктер салып, татамиде шеберліктерін танытуда.
БАҚТИЯР КЕНЖЕҒҰЛ, ҚАТЫСУШЫ (ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ)
Біз Қостанай қаласынан келдік. Дзюдомен айналысып жүргеніме 6 жыл болды. Осы жарысқа екінші рет келіп отырмыз. Былтыр бірінші орын алғам. 55 кг салмақта күресемін.
Спорт тәннің ғана емес, жанның азығын. Ұйымдастырушылар осындай жарыс арқылы жастардың салауатты өмірін қалыптастыруға ықпал етуді көздейді.
Жанасыл Серікбол