Ақсу қаласында жарқын мәдени оқиғаға айналған «Ақсу толқыны» жазғы маусымының салтанатты ашылуы өтті. Мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылған мерекелік шараға екі мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтар жиналды.

 «Ақсу толқыны» жобасы алғаш рет 2019 жылы бастау алған. Содан бері бұл бастама апта сайын өтетін би кештері мен түрлі концерттік бағдарламаларға толы жазғы мәдени дәстүрге айналды.Игі шараны Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы және орталықтандырылған кітапхана бірлесіп ұйымдастырып келеді.

ЖӘМИЛӘ ЕСЕНБАЕВА, С. ДӨНЕНТАЕВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бұл енді жоба жалпы концертпен ғана емес қаламыздың шығармалық ұжымы қатысады. Әр тұрлі би кешкері. Бүгінгі міне қала тұрғындарына зейнеткерлер өз суреттерін көрсетеді. Қала тұрғындар тамашалайды.

Шара аясында ерекше әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар да жүзеге асырылуда. Екі жыл қатарынан «Зағиптар қоғамына» арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы бұл жобаға 11 зағип жан қатысып, 34 туындыны дүниеге әкелді.

РЕНАТ ЕЛУБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

Пикассоның сөзі бар ғой бейнелеу өнері зағип жандарға арналған. Менің ойымша суретшіге көз керек жоқ. Иә кеше өткен жылыь да салдық. Алғашқылардың бірі деп айтуға болады.

Суретшінің айтуынша, адам бойындағы түпсана шығармашылықтың бастауы. Өмірі қылқалам ұстамаған жандардың өзі жүректен шыққан туындыны дүниеге әкеле алады.

Айта кетейік, «Ақсу толқыны» жобасы 30 тамызға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, жаз бойына 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

 Дильназ Куанышбекқызы