Павлодар қаласы түсті металлургия жоғары колледжінде «Сұңқар қалам менің – Павлодарым» атты облыстық байқау өтті. Шығармашылық сайыс техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұйымдастырылды. Жастар өз қаласына деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізіп, тың идеяларымен көзге түсті.

Байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді. Биыл көрме форматында ұйымдастырылып, барлығы 13 жұмыс ұсынылды. Студенттердің әр еңбегі Павлодар қаласының тарихымен, мәдениетімен байланысты болуы шарт. Қатысушылар туған жерге деген құрметін ерекше көркемдікпен көрсете білді.

ӘЛИЯ ЖАҚЫБАЙ, ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ӘДІСКЕРІ

Оныншы жыл қатарынан өткізіліп отырған конкурс бұл. Сұңқар қалам менің Павлодарым тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындла дәнекерлеу ісі,металл өңдеу, слесарь ісі бойынша бағытында облыстық инстолляциялар конкурсы бүгін өткізіп отыр.

Әділқазылар алқасы құрамында өте тәжірибелі маман бар. ERG серивисінен арнайы шықыртылып, оcы көрмені бағалайды. Әрине, олар әділ баға беріп, ең мықты жұмыс бағаланады деген ойдамыз.

Студенттер байқауға екі ай бойы тыңғылықты дайындалды. Әр жұмысқа мұқият қарап, бар ынтасымен жасаған. Шарада тәжірибелі студенттер мен алғаш рет қатысқандар болды.

ВАЛЕНТИН ВОЛКОВ, ҚАТЫСУШЫ

Біздің идеямыз қарапайым болды. Павлодар трактор зауытын бейнеледік. Бұл – Қазақстандағы алғашқы трактор зауыты. Біз TT-75М моделін жасап шықтық. Жұмыс профильді құбырлардан құрастырылды. Ең күрделі бөлігі – сыртын қаптау болды. Әр бөлшек дәл есептеліп, дәнекерленді.

Байқау соңында жеңімпаздарға мадақтама қағаздары табысталады. Шара туған қаланың тарихын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Сабина Жолдаспаева