Екібастұз қаласының Достық үйінде «Екібастұз – менің жүрегім» атты ретро фестиваль өтті. Шара қала күніне орай ұйымдастырылды. Мәдени кеште әр қатысушы ән салып, би биледі.

Мерекелік шараны Достық үйі мен тарихи-өлкетану музейі бірлесіп өткізді. Бұл ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, әртүрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен татулығын насихаттаған ерекше жоба болды.

САЛТАНАТ ОРДАБАЕВА, «ЕКІБАСТҰЗ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ» БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ

Екібасұз менің жүрегім атты ретро фестиваль өтіп жатыр. Бұл фестивальде Екібастұз туралы әр тілде әндер шырқалуда. Сонымен қатар бұл шараны ұрпақтар сабақтастығы деп айтуға болады. Өйткені үлкен адамдармен бірге қатарлас жас буын балалар да қатысуда. Қала күнімен құттықтаймын, қаламыз көркейе берсін. Мықты денсаулық тілеймін.

Жалпы, достық үйінде 13 этномәдени бірлестік бар. Славян орталығының мүшелері де ұлттық киім киіп, сахнада өз өнерлерін көрсетті.

ТАТЬЯНА ИВАНЧИК, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ «БРАТСТВО» СЛАВЯН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ

Бұл шарада ретро және Екібастұз қаласына да арналған әндер шырқалуда. Біз бұл қалада тату-тәтті өмір сүріп келеміз. Мен осында 4 жасымнан бері тұрамын. Екібастұз – менің сүйікті қалам. Осы қаланың гүлденуі үшін өз үлесімді қосып келемін.

Қала тұрғындары мен қонақтары бірлесіп мерекелік кешті әсем көңіл күймен аяқтады.

Сабина Жолдаспаева