Павлодар өңірінің дарынды және әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылары үшін жыл сайын жаз мезгілінде ерекше мекенге айналатын – «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы кезекті 5-ші маусымын қарсы алды. Биылғы маусымның ерекшелігі – Павлодардағы Аллюминий зауытының демеушілігімен 100 балаға тегін жолдама ұсынылғаны. Жалпы, бұл жолы 150-ден аса оқушы тынығып, жаңа білім мен әсерге бөленіп жатыр.
Жасыл желекке оранған Мичурино ауылында орналасқан орталықта бүгінде 152 оқушы демалуда. Мұнда көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ олимпиада жеңімпаздары мен белсенді оқушылар тегін демалыспен қамтылған.
МҰРАТ САҒЫНДЫҚ, «БАЛДӘУРЕН» ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
13 маусымнан 22 маусымға дейін 10 күн болады балалар. Бізде өте көп спорттық ойындар бар. Ұлттық ойындардан тоғызқұмалақ,асық ату ойындары бар.Мында бізде балалар оттегі коктейлі, тұзды шахтаға кіреді. Таза ауада жаңа достар тауып телефоннан демалады.
Балалардың демалысын мазмұнды әрі пайдалы ету мақсатында түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. «Жас мүсінші», «жас аспазшы», «жас суретші» секілді шығармашылық бағыттағы үйірмелер балалардың бос уақытын тиімді өткізуге көмектеседі.
ЖАНДОС МЕНДУИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №7 ЖОББ МЕКТЕБІНІҢ 9- СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Мен осы балдаурен лагерьінде 10 рет демалып жатырмын.Осы жылы көп нәрсе өзгерген, ремонт жұмыстары жасалған. Көбінесе далада ойындар,кешкі мерекелік кештер маған ұнайды. Балдаурен лагерьінде өте көп достарды табуға болады.
Балдәурен – тек тынығатын орын ғана емес, нағыз тәрбиелік мәні зор орталық. Жыл сайын бұл лагерьге қайта оралғысы келетін оқушылар саны артып келеді. Оқу жылының ауыртпалығынан кейін балалардың шат күлкісіне толы бұл мекен – жазғы демалыстың ең жарқын естелігіне айналары анық.
Дильназ Куанышбекқызы