Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытына 850 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Себеп – ауаны ластаушы қалдықтар көлемі тиісті мөлшерден асып кеткен.

Зауыт атмосфераға зиянды қалдықтар шығарған. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында ауаға таралған ластаушы қалдықтардың көлемі 660 тоннадан асқан. Бұл белгіленген нормадан едәуір жоғары.

ӘСЕТ СЫЗДЫҚОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Павлодар облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының қаулысымен қазХром АҚ қатысты әкімшілік іс қозғалған болатын. 2025 жылдың 1 тоқсанында филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының қазандығында 663 тонна көлемінде асып кету тіркелді. Бұл бұзу боп табылады. Әкімшілік жаза қолданылды.

Мамандардың айтуынша, ауа сапасының нашарлауы өңірдегі ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Мұндай шаралар өндірістік кәсіпорындарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға міндеттеу мақсатында қабылданды. Аталған зауыт айыппұлды мемлекетке толық төледі.

Самал Қалиқызы