«Павлодарэнергосбыт» ЖШС жылумен қамтуды тоқтатады. Яғни 1 шілдеден бастап жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету шарты бойынша жылу жеткізгіші ретінде «Павлодар жылу желілері» ЖШС қызмет етеді.

РОМАН ГОНЧАРЕНКО, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ

2025 жылдың 1 шілдеден бастап жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету шарты бойынша жылу жеткізгіші ретінде «Павлодар жылу желілері» ЖШС қызмет етеді. Бұдан бұрын қолданыста болған шарт негізінде жасалған барлық техникалық және құқық белгілейтін құжаттардың заңды күші сақталады. Бұл ретте, «Павлодар жылу желілері» ЖШС әр тұтынушының шарт нөмірін, яғни дербес шотын өзгеріссіз қалдырады. Толық ақпаратты 87182903309 нөмірі арқылы білуге болады.

Самал Қалиқызы