Ел бойынша «Жасыл мекен» челленджі бастау алды. Онда өңіріміздің оқушылары мен мұғалімдері бой көрсетті. Шара барысында 187 мың көшет отырғызылды.
Сәбина Балтағұлованың анасы №7 мектептің түлегі. Ата-ана да «Жасыл мекен» республикалық челленджіне қатысты. Олар өзі түлеп шыққан білім ордасының аумағында қарағай көшеттерін отырғызды.
Түлектер үшін мектеп қабырғасында өткен шара үлкен маңызға ие. Аталмыш челенджді 11 сынып оқушылары да қолдады. Көшет отырғызу тек экологиялық науқан ғана емес, білім ордасына деген қамқорлық, дейді олар.
Игі істе №7 мектептің болашақ бірінші сынып оқушылары да белсенділік танытты. Бүлдіршіндер бұл жұмыстарды қызыға орындады.
«Жасыл мекен» челленджі барысында облысының қала-аудандарынан бөлек, білім беру ұйымдары аулаларында да жасыл желектер отырғызылды.
Ақмаржан Қалымбек, Мұрат Әбілмәжіт