Аманат партиясы облыстың мәдени саласының дамуына зор үлес қосып жүрген сала мамандарын Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады.
Өнер – халықтың қазынасы, ұлттың мұрасы. Аманат партиясына облыстың әр саласында қызмет етіп жүрген мәдени қызметкерлер жиналды. Бұл күні өнер жолында еңбек етіп, рухани мұра жібін үзбей, халыққа насихаттап жүрген жандарға алғыс хат табыс етілді.
Дулат Әбетжанов, азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту кеңесінің төрағасы:
Мәдениет, өнер деген қазағымыздың осы заманда қолында мәңгі бақи жарқырайтын асыл жүзік дер едім. Өйкені, мәдениетсіз ел болмайды. Мәдениет, өнер саласында істеп жүрген өзіміздің жерлестерімізге жақсылық, береке, қуаныш тілегім келеді.
Театр, кітапхана, мұражай, филармония. Халқымыздың бай мұрасын облысымызда дамытып жүрген сала мамандарының өлшеусіз еңбегі қашанда ерең. Айта кетейік, республика бойынша аймақ намысын қорғаған мәдени ұжымдар әрдайым алғашқы орында.
Баян Шахметова, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысы:
Былтыр ғана біз республика бойынша ең үздік кітапхана атандық. Көзге көрінбейтін кітапханашының еңбегі расында да көп бағаланған жоқ. Сондықтан, мен өте қуаныштымын. Белгілі жазушының сөзі бар. Өлшенбейтн сала бар. Мәдениет қызметкерлері. Соның ішінде бізде кіреміз. Әріптестеріміз үшін қуаныштымын.
Ұлт мәдениетінің дамуы, алтын бесік ауылдан бастау алатыны белгілі. Бүгінде елді мекендерде бұл саланың дамуына зор көңіл бөліп жатқаны қуантады. Шалғай ауылдарда мәдени ошақтар жұмыс істеп тұр.
Мейрамгүл Жабықова, Павлодар ауданы ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы:
Шын жүректен барша әріптестерімді құттықтаймын. Өте керемет мереке. Көңіл күй жақсы. Бәріміз дай»ындықтамыз. Бізді құттықтады. Өте ризамыз.
Мәдениет майталмандары – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі, нағыз өз ісіне адал берілген жандар. Салтанатты шараға 40-тан астам мәдениет саласының өкілдері жиналды.
Мөлдір Сағидолла