Жиырма екінші мамыр күні Рсей Федерациясы, Алтай өлкесінде басталған өрт Абай облысына жалғасты. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватында тараған өрттің болжаулы аумағы 1500 гектар. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Шарпыған жалынды ауыздықтауға ТЖД және Семей қаласының берілген күштері, "Семей-орман" мемлекеттік табиғи орман резерватының барлық қызметкерлері жұмылдырылған. Дабыл бойынша Бородулиха ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы да өртті сөндіруге кірісті.

Дмитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасар:

Жиырма төртінші мамыр күнгі жағдай бойынша өрт сөндіру жұмыстары бақылауда. Кеше күні бойы жалынды ауыздықтау шаралары жүрді. Үшінші нүктіде өртті сөндіру қиын болып жатыр. Өткені шығыс бағытта жел күшейген. Кеше екі тікұшақ жұмыс істеді.

Орман өртін сөндіруге 90 бірлік техника және 400-ден астам адам жұмылдырылды. 50 бірлік техника және "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының 150-ден астам маманы, ТЖМ-нің 100-ден астам қызметкері және өзге де күштер ат салысуда. Бородулиха ауылының аудан орталығында 3 эвакуациялық пункт ұйымдастырылды. Жедел штабқа Абай облысының әкімі келген. 277 адам өз бетімен эвакуацияланған. Әзірше өрттің Павлодар облсына бағыт алғаны туралы ақпарат жоқ.

Жанасыл Серікбол