Павлодар облысының мемлекеттік кірістер департаменті алкагольдік және темекекі өнімдерінің көлеңкелі айналымын анықтау үшін арнайы рейдтік шара өткізді. Мамыр айында бастау алған алдын-алу шарасы аясында бірқатар заңсыздықтар анықталған.
Ішімдік және темекі түрлері халық көп тұтынатын өнімдердің бірі. Тиісінше, көлеңкелі айналым да дәл осы салада қарқын алып жатады.
Осылайша мамандар әр сауда нүктесіндегі құжаттарды және олардың сөредегі өнімдермен сәйкестігін жіті тексеруде. Арнайы рейдтік шара мамыр айында басталған. Осы уақытқа дейін біршама заңсыздықтар да анықталған.
Рейдтік шара лицензия, акциздік және есепке алу – бақылау маркаларының болуы, түпнұсқаны анықтау шаралары бойынша жүргізілуде. Рейд барлық аудандарды қамтиды. Депамртамент кәсіпкерлерден көлеңкелі айналымнан қашық болуға шақырады.
Жанасыл Серікбол