Павлодарда «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті. Оған аймақтың қала аудандарынан кемі үш тіл білетін жастар қатысты. Қанша тіл білсең, алдыңнан сонша мүмкіндік ашылады. Тіл білудің артықшылығын жақсы ұғынанған жастар бұл дағдыларын өздерінен кейінгі ұрпаққа да үйретін жүргендіктерін айтады.

 «Тілдарын» олимпиадасы облыста дәстүрге айналған. Өңірдегі қазақ, орыс және ағылшын тілін білетін жастар арасында жиі ұйымдастырылып тұрады. Жыл сайын бұл сайысықа ынта білдірушілер саны да артып келеді.

Медет Тауасқан, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Көптілділік бұл – өт үлкен білім. Бұл екінінің бірінің қолынан келе бермейді. Әлемде адамдардың 10-5 пайызы ғана көп тіл біледі. Сондықтан, бұны әрі қарай дамытыңыздар. Неге үш тіл? Алашорда азаматтары ең кем дегенде төрт тіл білген.

Қатысушылардың барлығы дерлік тілді бала кезден бастап үйренген. Қазіргі уақытта біршама деңгейге жеткен. Қатысушылардың барлығы тіл үйрену – ой өрісіңді, таным көкжиегіңді кеңейту деп біледі.

Қазіргі уақытта білім жүйесінде көптеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту үрдісі қарқын алған. Бұл көптеген әлемдік ғылыми жетістіктердің түпнұсқасына қол жеткізуге мүмкіндік бермек. Бүгінде жастар осы үрдісті игеріп, жұмыс барысында қолданып жүр.

Бейбіт Сансызбай, «Тілдарын» облыстық олимпиадасына қатысушы (Успен ауданы):

Қазіргі кезде біздің заманауи көп сабақтарда биология, математика сияқты сабақтар үш тілде өтеді. Басқа сабақтарды да ағылшын тілінде өткізуге бізге үйретті.

«Тілдарын» олимпиадасына 18 бен 23 жас аралығындағы 12 қатысушы ат салысты. Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қазақ тілінде эсса жазса, екінші кезеңде берілген мәтінді орыс тіліне аударып сайысқа түсті. Ал, үшінші кезеңде қатысушылар ағылшын тілі бойынша біліктерін сынады.

Жанасыл Серікбол