Жастарға қолдау бар. Мемлекет тарапынан қолға алынған игілікті бағдарламалардың арқасында кәсіп ашып, нәсіп отырған жандар қаншама. Бұдан бөлек жұмыспен қамту мәселесі де қолға алынған. Биыл екі мың жас маман жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан. Мамандардың айтуынша өңірде техникалық мамандар сұранысқа ие.

Жыл басынан 5 мыңға жуық азамат құзырлы мекеге жұмыс іздеп келген. 3 мың жас маман екі қолға бір күрек тауып, жұмысқа орналасқан. Бұған қоса былтыр жастар практикасынан өту мерзімі 12 айға дейін ұзартылды. Сала мамандарының айтуынша іске асырылып жатқан тиімді бағдарламар арқылы жұмыссыз жүрген азаматтардың саны қысқарды.

Гаухар Байтілесова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Жастарды белсенді жұмыспен қамту шаралары қатысуға басты құқығы бар. Ағымдағы жылдың басынан бастап жастар арасынан жұмыспен қамту орталықтарына 4 мыңнан астам жастар жүгінді. Оның ішінде белсенді жұмыспен 3707 адам.

Өңірде техникалық және ауылшаруашылық мамандары, дәрігерлер және балабақша тәрбиешілері тапшы. 2009 жылдан елімізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы игілікті жүзеге асырылып келеді. Мыңдаған маман жоба аясында ауылға барып, жаңа леп әкелді.

Әлібек Қаленов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы орынбасарының м.а.:

2009 Жылдан Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 8,4 млрд теңге қаражат бөлінді. 2 мың нан астам маманға бюджеттік кредит берілді. Және де көтерме жәрдемақы 1,2 млрд теңге қаражат бөлінді. 6600 маманға.

Былтыр "Дипломмен ауылға"бағдарламасы бойынша 1 миллиард теңгеден астам сомаға 265 маман бюджеттік несие алды. Жас мамандардың басым бөлігі Баянауыл, Павлодар және Шарбақты аудандарына жіберілді.

Әйгерім Тоқпанқызы