Павлодар облыстық кардиологиялық орталығына 10 жыл толып отыр. Атаулы шараны мерекелеу аясында емхана дәрігерлері халықаралық конференция ұйымдастырып, шет елден келген дәрігерлердің жетекшілігімен күрделі ота жасады. Шеберлік сыныптары өткізді.
Орталық құрылғанына 10 жыл толуына орай екі күнге бағдарлама ұйымдастырылды. Алғашқы күнінде Ресей, Армения, Ұлыбритания және еліміздің білікті мамандары мастер класқа қатысып, күрделі ота жасады. Кардиолог мамандар бейнебайланыс арқылы отаның жасалу барысын қарады. Тәжірбие алмасуға Түркістан облысынан дәрігерлер келді.
Хандулла Нақыпов, Түркістан облысы кардиология орталығының директоры:
Бірінші операция метральді клапанның миниинвазивті отасы. Яғни науқасқа аз травматикалық әсері бар. Яғни науқастың отадан кейінгі тез қалпына келуіне үлкен ықпалын тигізетін күрделі оталардың бірі. Науқастың метралды клапан жетіспеушіліг болған. Оны Россия кардиохирургы сол кісі қазір операция жасап жатыр. Операцияны бақылап отырмыз. Өте жоғары классты операциялар.
Өңіріміздің кардиологиялық орталығы еліміздегі беделді медициналық мекемелердің бірі. Бүгін онда 96 білікті дәрігер, 598 медициналық қызметкер еңбек етеді.
Гүлжанат Жақова, Павлодар облыстық кардиология орталығының директоры:
Он жылдың ішінде 40 ота жасалды бізде. Өңіріздегі ең үлкен кардиологиялық орталық. Абай облысынан кеңес беріп, науқастармен жұмыс істейміз. Біздің кардиоорталықта 6 күрделі ота жасалады. Біз бүгінде пересадка сердце жасамаймыз қалған бүкіл оталарды жасап жатамыз.
Орталық мамандары түрлі күрделі операциялар жасайды. Тәжірибе алмасу арқылы олардың шыңдала түсетіндері сөзсіз. Он жыл ішінде орталық дәрігерлері жүрекке 46 мың күрделі ота жасаған.
Әйгерім Тоқпанқызы