Жастар бастамаларын дамыту орталығында бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға 50-ден аса мекеме қатысты. Бұл жолғы жәрмеңке түлектерге арналды.
Бос орындар жәрмеңкесіне 500-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Ірі өнеркәсіп, мемлекеттік қызмет, білім, медицина мен қатар жеке кәсіпкерлер қатысты. Оқу ордасынан енді түлеп ұшатын жастар үшін таңдау да көп болды.
Даниял Марен, студент:
Мамандығым стратификация. Технологқа жұмыс істегім келеді. Технолог немесе метролог. Метрологтар Павлодарда востр профессия деп айтуға болады. Әр жыл сайын жаңа технологиялар шығып жатыр. Жаңа адамдар керек.
Университет, колледж түлектері мамандығы бойынша қалаған жұмыс орнынан ақпарат алды. Ал, жұмыс берушілер еш тәжірбиесі жоқ жастарды қабылдап, мамандықтың қыр-сырың үйретуге әзір.
Дастан Нұралин, ТЖД бөлім бастығы:
Біздің қызметімізде қазіргі таңда ең тапшы мамандықтардың бірі бұл жүргізуші қызметкер. Себебі, бұл лауазымдарға жас жеткіншектердің жүргізуші куәлікткері В,С болған талаптардың бірі. Сол себепті бұл мамандық қазіргі таңда жүргізушілер. Бұл мамандық бізде тапшы болып тұр.
Жандарбек Қабдраш, жастар бастамаларын дамыту орталығының бөлім басшысы:
Жастар бастамаларын дамыту орталығымен ай сайын өтетін мамандықтар жәрмеңкесі өтуде. Өзгеше форматта далада өтуде. Түлектерге арнап өткізіліп жатыр.
Облыстағы жастардың саны 200 мыңнан асады. Оның 4,7 пайызы NEEТ санатындағы жастар. Жұмыссыз жастарды қолдау мақсатында мұндай шара ай сайын ұйымдастырылады.
Мөлдір Сағидолла