«Өмірді сақтандыру» деген ұғым қазақстандықтарға жат ұғым емес. Бұл бағытта «Халық лайв» компаниясы қаржылық қызмет көрсету бағыты бойынша көш басында. Саладан саңылау тапқандарына да бірнеше жыл болған.
Халық банкінің қарамағына кіретін «Halyk life» өмірді сақтандыру компаниясы облыс орталығында «Қаржылық сауаттылықтың қыр-сыры» атты семинар өткізді. Мемлекет тарапынан отбасының деңгейіне сай 5-тен 7 %-ға дейін субсидияланады, ал, «Halyk life» 8 %-дан бастап.
Ернар Садықов, «HALYK LIFE» компаниясы өмірді сақтандыруды жинақтау бағдарламасының аймақтық директоры:
Яғни, банктің депозиттерінен салыстырғанда біраз айырмашылықтар бар. Минималды сомманы сала отырып, бірнеше жылдан кейін отбасын асырайтын азамат өмірден өтетін болса, ондай сомманы бірнеше еселеп аладым. Яғни, депозиттан басты айырмашылығы сол. Соны біз қазақ халқына жеткізуіміз керек. Өмірді сақтандыру ең үлкен портфель десек болады.
Жалпы айтқанда, сақтандыруға салған ақшаңыз инвестицияланып, өсіп отырады. Тіпті, әлемнің қай нүктесінде жүрсеңіз де өміріңіз сақтандырылады.
Зұлқарнай Ермұратұлы, Мурат Абилмажит