Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада миелолоейкоз дертіне шалдыққан науқастар мен дәрігерлердің бірлескен конференциясы өтті.

Бірнеше жыл бұрын созылмалы миелолейкоз дертінің шипасын табу қиын еді. Ал, бүгінгі таңда заманауи препараттар пациенттердің өмірін айтарлықтай ұзарта алады. Науқастардың өмір саапсын да арттырады.

Жаннұр Сейсенбекова, Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының гематология бөлімінің меңгерушісі:

Науқас диагноститкалық төсекте бес күннен артық жатпауы керек. Қандай диагноз қойылатындығына алаңдап, сарыла күту әрине өте қиын. Сондықтан біз мейілінше ыңғайлы жолды таңдадық. Бұл - Астана қаласындағы гематологиялық орталықтың амбулаториялық этабы. Онда сүйек кемігін зерттеп, осы арқылы орын алатын генетикалық зақымдануға талдау жасайды.

Барлық тексерулердің нәтижесінен кейін науқас мемлекет есебінен берілетін тегін дәріге қол жеткізеді. Әрине, ол препараттар бағасы айтарлықтай қымбат.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта науқастардың қоғамдық бірлестігі де жұмыс істеуде.

Ләззат Ахмедьярова, «Гемобластозбен ауыратын мүгедектердің ассоциациясыны» ҚБ президенті:

Біздің ассоциацияның мақсаты – пациенттерге психолгиялық, моральдық қолдау көрсету. Сонымен қатар, науқастарды дәрі-дәрмекпен қамту, диагностикадан өткізу және толықтай ем-шаралармен қамту мәселелеріне көмек қолын созамыз.

Қазіргі уақытта созылмалы миелолейкозға қарсы мемлекет тарапынан барлық шаралар қолданылуда. Пациенттердің өмірі үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда.

Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова