«Ауыл — ел бесігі» жобасын іске асыру басталғаннан бері облыста барлығы 119 ауыл жаңғыртылып, өңірдің 164 мыңнан астам тұрғыны үшін өмір сүру сапасы артқан. Аталмыш мемлекеттік бағдарламадан өткен ауылдардың бірі Баянауыл ауданындағы Жаңатілек. Елдімекеннің жаңарған тіршілігін тілшіміз көріп қайтты.
Жаңатілек- Баянауылдан елу шақырымға жуық қашықтықта орналасқан ауыл.
Елдімекен түрленіп, заманға сай игілікке қол жеткізуде. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша ірі жобалар атқарылып, халық игілігіне қажетті нысандар салынды. Солардың бірі медициналық-акушерлік пункт. Жаңатілек ауылының тұрғындарына қызмет етуде.
АЙНҰР МҰСАБАЕВА, МЕДБИКЕ
Ауырып келген адамдарды қабылдаймыз. Сосын районға жібереміз. Назначениясын алып келсе бір жұмадай укол, системасын салып қараймыз. Ғимарат жайлы, жылы. Адамдараға ұнап жатыр бәріне иә.
Елімізде кітапхана ісіне, кітап оқуға бетбұрыс басталғалы ауылдық кітапханалардың да тіршілігі жанданған. Алыстағы Жаңатілек ауылдық кітапханасының сөрелерінде де қазақ және әлем әдебиетінің жауһарлары самсап тұр. Шеткері ауылда жатып-ақ, әлемдік ақыл-оймен терең танысып, үлкен білім алуға болады.
ГҮЛІМ МҰСАБАЕВА, КІТАПХАНАШЫ
Жылда қорымыз жаңа кітаптармен толықтырылады. Мерзімді басылымдар келіп тұрады. Кітапхана қоры 6370. Оның 4385-і қазақ тілінде. Былтыр кітапханамыз күрделі жөндеу жұмысы өткізілді. Жаңа жиһаздармен жабдықталды.
Жаңатліек ауылдық округінің 4 шақырымнан астам жол тартылып, толықтай аяқталған. Бұл да халыққа қажет. Жол азабы кім-кімге де оңай соқпасы анық. Тасжолдың арқасында жан-жақпен байланыс нығайып, тіршілікке оң өзгеріс енген.
МАРҒҰЛАН ӘЛЖАНОВ, ЖАҢАТІЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКГУГІНІҢ ӘКІМІ
Биыл Жаңатілек ауылына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 4 шақырым, 640 метр асфальт жамылғасы төселді. Бұл жерде негізгі көшелер қамтылып, әлеуметтік нысандарға жеткізілді. Ауылішішік көше жарығы орнатылды. Жоба құны 114 млн теңге. 258 көше жарығы шамдары орнатылды.
Жасалғаны осылар, жасалмақ жобалар әлі алда. Жаңатілек тұрғындары үшін спорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша күздн аяқталып, ауыл тұрғындарының қолданысына берілуі тиіс.
Жанасыл Серікбол