Павлодар облысында 17, 18 , 19 маусым күндері ауа температурасы +39 градусқа дейін ыстық болады. 19-ы күні аздап жауын шашын күтілуде. Жалпы күннің былай ысуын мамандар немен байланыстырып отыр. Тілшіміз айтсын.

Биыл соңғы жылдарға қарағанда ауа температурасы 2 градусқа нормадан жоғары болмақ, дейді синоптиктер.

МҰХАММЕД БАҚТЫБАЙ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» ПОФ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ

Бұл ыстық облыстағы антициклонның ықпалы. Себебі аспан ашық, бұлтсыз сәйкесінше күннің ыстығы бірден жерге түсіп тұр. Сәйкесінше ауа да, жер қыртысы да қызады. Мысалы ертең ауа температурасы 39 градусқа дейін барады. Ал, 19 маусымға қарай атмосфералық фронттардың өсуіне байланысты, ауа райы сәл салқындайды. Оның өзі 2-3 градусқа ғана төмендейді, +33 градус болады. Соған сәйкес 19 күні жауын шашын болуы мүмкін.

Алдағы шілде айында да ауа температурасы +33, +35 градус болады деді мамандар. Болжам бойынша, жауын шашын шілденің алғашқы және екінші тоқсандарында ғана күтілуде.

Самал Қалиқызы