Бүгін Ақсу қаласында жасөспірімдер арасында асық ату мен бес асық ұлттық спорт түрлерінен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған “Алтын сақа” фестивалі бастау алды. Турнирге Павлодар облысына қарасты ауыл және қала мектептерінен келген оқушылар қатысуда. Спорттық дода екі күнге созылмақ.
Биылғы фестивальге 15 ауылдық және 12 қалалық команда қатысуда. Жалпы саны 160-тан астам спортшы, әр командада 3 ойыншыдан. Барлығы да 15 жасқа дейінгі оқушылар. Сондай-ақ, Шара барысында алтын сақа фестивалінің ұйымдастырушылары Ақу қаласының әкімінің атынан алғыс хатпен марапатталды
СӘБИДЕН МАНДЫҚОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Спорт деген тек ғана жарыс емес қой. Бүгінгі күні достықтың тәрбиенің белгісі.Жас кезінен адамды тәрбиелейді. Жас кезімізден спортпен айналысып осындай дәрежеге жетіп отырмыз.Бүгінгі ашылып жатқан көптен күткен мерекеміз құтты болсын. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Қазіргі таңда Асық ату федерациясы тарапынан ұлттық ойын түрлерін кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
СЕРГЕЙ ПРОКОПЬЕВ, ДЕМЕУШІ
Осыдан 3 жыл бұрын қалалық әкімдікпен бірлесіп Ақсу қаласында асық атудан фестиваль өткізу идеясы туындады. Бұл біздің бірінші фестиваль болды бірақ біз бұл спорт түріне үлкен қызығушылықты байқадық. Сондықтан ұдттық спортты дәстүрлі түрде өткізіп отыруды жөн көрдік.
Сондай-ақ, ойын шымылдығын ауылдық жерден келген қатысушылар ашып берді. Ал ертең қала бойынша асық ату мен бес асықтан фестиваль жалғасын табады.
ҚАЛИБЕК ҚУАНҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің ата-бабабыздан келе жатқан ұлттық спорты асық спортың дамуты болғандықтан демеушілерге алғысымызды айтқым келеді. Өсіп келе жатқан жас буынға мотивация сыйлау.
Асық ату мен бес асық — қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық спорт ойындары. Бүгінде бұл ойындар қайта жаңғырып, өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихатталуда.
ТӨЛЕГЕН МЫРЗАХАН, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ АСЫҚ АТУДАН АҒА-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Бүгінгі алғашқы ойындар болды Қалқаман командасы жеңіске жетті. Екінші алаңды Евгеньевка және Үштерек командалары ойнап жатыр. Есеп 1:1. Балалардың дайындықтары биылғы жылмен салыстырға өте жақсы дамыған.
Асық атудан сынға түскен жас қатысушылар жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімді. Оларға жүлделі орындар мен ақшалай сертификаттар табысталады.
ТҰМАР МӘЛІК, ҚАТЫСУШЫ
Алтын сақа фестиваліне 3 мәрте қатысып жатырмыз. Былтыр біз финалға шығып жүлделі орын ала алмай қалдық. Биыл финалға шығып жүлделі орын аламыз деген үміттеміз. Бүгінгі фестиваль өте жоғары деңгейде өтуде. Маған ұнап жатыр. Қарсыластарымыз жақсы дайындалған.
ЖАНСАЯ АРҚАЛЫҚ, ҚАТЫСУШЫ
Бес асықты оцйнап жүргеніме 5 жылдай уақыт болды. Мені осы спорт түріне баулыған тренерім Качиева Құндыз. 5 сыныптың күзіне қарай мені шақырды содан бастап ойнап кеттім. Бес асықтың ерекшелігі ол мотивация береді. Жарыстарға бірінші орын алуға талпыныс береді. Жалпы ойын шапшаңдықты талап етеді.
Айта кетейік «Алтын сақа» фестивалі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.. Биыл 3 мәрте ұйымдастырылып отыр.
Дильназ Куанышбекқызы