Павлодар маңындағы Усолка өзенінде тағы бір адам ажал аузынан аман қалды. Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп, қызды судан алып шықты. Толығырақ тілшіміз баяндайды.

Бүгін Павлодар қ. маңындағы Усолка өзенінің акваториясын патрульдеу кезінде ТЖД құтқарушылары суға батып бара жатқан 2000 жылы туған қызды құтқарды.

ИВАН ЕРАЛИМОВ, ҚҰТҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ

Усолка өзенін патрульдеу кезінде құтқарушылар көпірден суға секірген қызды байқап қалды. Құтқарушылар бірден оқиға орнына жетіп, қызды судан қайыққа шығарып алды. Қызға медициналық көмек қажет болмады. Зардап шеккен қыз құтқару стансасына жеткізіліп, кейін 102 қызметкерлеріне тапсырылды.

Зардап шегуші ыстық ауа-райында шомылғысы келіп, әлі келмей бата бастағаны белгілі болды. ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оған тез арада жүзіп барып, қайыққа көтеріп алды. Құтқарушылар жақын болмағанда қайғылы жағдай орын алушы еді.

Мән-жайларды анықтау үшін құтқарылған адам 102-қызметке берілді. Дәрігерлердің көмегі қажет болмады.

Самал Қалиқызы