«Дәстүрден тағылым». Дәл осындай атаумен жыл сайын мемлекеттік қызметшілер күніне орай байқау ұйымдастырылады. Шара биыл да қолға алынды. Онда 5 аудан мен 2 қаладан келген мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Толығырақ тілші сюжетінде.

«Дәстүрден тағылым» байқауы мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылады. Сайыс талаптары бойынша әр аудан, қаладан 6 мемлекеттік қызметшіден қатысуы тиіс.

САЛТАНАТ ӘМІРЖАНОВА, АҚҚУЛЫ АУДАНДЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Біз ойдағыдай дайындалдық деген ойдамыз. Ең бастысы өзіміздің ұлттық салт дәстүрді дәріптеу болып табылады. 6 адам келді. Командамыздың аты қызметтегі гүлдер. Екі қызметкер ішкі саясатта бас маман, мен өзімтағы бір қызметкер аудандық әкімдіктен мамандар келді.

Жалпы байқау 4 кезеңнен тұрды. Мақсат мемлекеттік қызметкерлердің шығармашылық, спорттық қырларын ашу, мәдени-тарихи құндылықтарды кеңінен түсінуге бағытталған.

ГҮЛЗЕЙНЕП ИСЕМБАЕВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Дайындық енді, біз жұмысбасты адамбыз ғой намыс бар, уақыт тауып дайындалып келдік. Жалпы 6 адаммен келіп отырмыз. Бірінші таныстыру, қай салада істейтіндігін көрсетеді. Қарсы топқа мақал жасырады. Екінші топ оны тауып жалғастыру керек. Үшінші дәстүр капитан ашып, ажыратып айтып беру керек.

Дәстүр бұл әр адамдардың күнделікті өмірі. Ал, мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмірі оның кәсіби қызметімен тығыз байланысты. Рухани мәдениет пен білім, алған тәрбие адамның тұлғалық болмысын құрап, нәтижесінде оның іс-әрекетіне ықпал етеді.

РУСЛАН ИМАНҚҰЛОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Дәстүрлі тағылымда» конкурсын өткізіп жатырмыз, 7 аудан қатысады. Конкурс 4 бағыт бойынша өткізіледі. Мемлекеттік қызметшілер марапатталады. Осындай конкурстарды жыл сайын өткізіп отырамыз.

Байқау соңында үздіктер мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облыстық департаменті атынан алғыс хаттармен марапатталады.

Самал Қалиқызы