Орталық жағалауда «Қос қанат» балалар фестивалі өтті. Шара аясында 3 жастан 16 жасқа дейінгі 50-ге жуық егіз жұп пен үш үшем саханада өнер көрсетті. Қызықты шараның куәгері болып қайтқан тілші әңгімесінде.

Павлодарда егіздер шеруі осымен 2-ші рет өткізілді. Фестивальге облыстың аудан, ауылдарынан 50-ге жуық егіз бен үш үшем қатысты. Шараның сән салтанатына айналған ерекше жұптар ұлттық киімде дефиле көрсетіп, көрермен көзаймына айналды.

Шеруге жиналған өрендердің бәрі де өнерлі. Тіпті, олардың қызығушылықтары да бір біріне ұқсас. Кішкентайынан тіл үйреніп, спорттың да бірнеше түрін меңгергендері бар.

Іңкәр Жұмагелді, сезім жұмагелді:

Ерке Ертістің жағасына жиналған егіздер өзінің өнерімен ерекшеленіп отыр. Гүлназ бен Ділназ болашақта әнші болуды армандайды.Қыздар сәлем мереке құтты болсын. Біз өз әндерімізді жақсы көреміз. Біз балалардың әндерін көп тыңдаймыз. Мүмкін балаларды құттықтап ән айтып береміз.

Ясмин Еламан, Айша Еламан:

Сәлеметсіз бе, кішкентай балапандардың мерекесі құтты болсын. Екі гүліңіз бар екен. Есімдері қалай? Жастары нешеде? Бір бірінен қалай ажырата аласыз? Бүгін туған күндері 9-жасқа толып отыр. Қыздардың міңезі әр түрлі. Біреуі шапшан, біреуі момын қыз. Біз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз. Өскенде кім боламыз? Мен дизайнер боламын. Бақытты болыңдар.

Бүгінгі шеруге жиналған балақайлардың басым бөлігі спортқа жақын. Кішкентайынан жан жақты Әділхан мен Әлихан болашаққа қойған арман, мақсаты көп.

Әділхан Жұмағали, Әлихан Жұмағали:

Бүгінгі шеруге жиналған балақайлардың спортқа жақын екенін байқадық. Борьба, робототехника, бассейн. Өскесін кім боламыз? Журналист, тренер. Менің мамам журналист. И мен боламын тоже жураналист. Болашағын жарқын болсын.

Гүлнәр Есхожина, сынып жетекшісі:

Бүкіл әлем балаларын мерекемен құттықтаймын. Біздің ортамызда топ жарып келіп тұрған қос егізіміз бар. Осыдан басқа сыныбымда тағы егізім бар. 1-ші сыныпқа келген кезде маған өте қиын болды. Ана егіздерімде бір-біріне аумағаннан кейін, партаға отырғызып, сол арқылы ғана айрып жүретінмін. Қазір үйреніп қалдым. Қазір еркін айыра аламын.

Балалар фестивалінде Катаев атындағы оқушылар сарайының кішкентай балақайлары да өнер көрсетті. «Балдәурен» әнімен вокалдық ұжымының 120 тәрбиеленушісі көрерменге сый-тарту жасады.

Әсем Аипова, М. Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері:

Бұл егіздер шеруінің басты мақсаты отбасы құндылықтарын сақтау. Ата аналар мен балалардың арасындағы қарым қатынасты нығайту. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Балалық шақ бұл адамзаттың көктемі демекші Сәбит Мұқанов айтқандай. Мен еліміздің барлық балғындарына зор денсаулық, ашық аспан, түндері тыныш болсын. Балалық шақтары бақытты болсын деп тілеймін.

Шеруге жиналған егіздер тек өмірде ғана емес, білім, өнер, спортта да егіз екенің байқадық. Құстың қос қанатындай қатар жүрген балаларға жарқын болашақ тілейміз!

Мөлдір Сағидолла