Өңір басшысы Асайын Байханов Екібастұздағы жылу электроорталығын жөндеу барысымен танысты. Қазір станцияда газ құбырлары мен түтін мұржасын жаңарту жүріп жатыр.
Кеншілер қаласында жылу орталығының газ және №3-ші түтін құбырларын жаңарту басталды. Одан кейін кезең кезеңімен станцияның № 6, 7, 8, 9 қазандық агрегаттарының газ өткелдері орнатылады. Онымен қоса, ішкі астарын жаңарту, сыртқы жабынды жөндеу, бетон қабатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.Тозығы жеткен құбырлар жаңасына ауыстырылады.
Олег Щемель, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ директоры:
Жоспар бойынша көк түсте боялған аймақтар бұл қазандықтар. Онда яғни, қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар қазір резервте емес. 8 және 5 қазандықтарда өңделеді. 1 шілдеден кейін бұл қазандықтар толығымен жұмыс істей алады. Яғни қалаға ыстық су беріледі деген сөз.
Сондай-ақ Екібастұз қаласында жылумен қамту желілері ауыстырылды. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарын сапалы, әрі уақытында атқаруды тапсырды. 12-ші маусымға қарай аяқтап, тұрғын үйлерге ыстық су беру керек екенін атап өтті. 60 жылдары салынған құбырлардың тозығы әбден жеткен. Орталық көшелерінде жаңа магистраль төселеді. ТМ-5-те 2,5 шақырым желі, екі қозғалмайтын және 24 жылжымалы тірек бөлшектелді.
Бұдан кейін Асайын Байханов М. Жүсіп 42 көшесі мекенжайының тұрғындарымен кездесті. 144 пәтері бар үй пәтер иелері кооперативі қызметінен бас тартқан. Бірнеше жыл бойы тұрғын-үйдің барлық мәселесімен өздері айналысып келеді екен.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Сіздің мәселеңізді түсіндім. Жылыту маусымы кезінде құбырлардың стандарттарға сәйкес келу үшін параметрлерін тексеруге көмектесеміз. Мамандар келіп, бақылайды.
Одан кейін облыс әкімі Мәшһүр Жүсіп 72 мекенжайының тұрғындарымен жүздесті. Бұл үйдің тұрғындары жаңа ойын алаңын орнатып, автотұрақ құруды сұрады. Шаһар тұрғындарымен кездесу барысына аймақ басшысы жылу беру орталықтарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары сапалы әрі уақытында атқарылып жатқаны жайында жеткізді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Мен бүгін Жылу электро орталығында болдым. Қазандықтар жөнделуде. Біз барлық магистральдарды кезең-кезеңімен жаңартамыз. Содан кейін аулаішілік аумақтарда жөндеу басталады. Қазір онда 40 км құбыр ауыстырылды..
Екібастұзда гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін анықталған зақымдарды жою кезінде де желілер жаңартылады. Зақымданудың 80% - дан астамы жойылды, бұл ретте 12 км желі толығымен ауыстырылды.
Әйгерім Тоқпанқызы