Павлодар облысында биыл 7 ауданның халқы малға қысқы азық дайындай алмай қалуы мүмкін. Өйткені, Бұқтырмадан келетін су тиісті мөлшерде жетпеген. Соның салдарынан шаруалар шаш етектен шығынға батуы мүмкін. Оның үстіне биыл өңірде жаңбыр жоқ. Жер қурап кеткен. Ал Май ауданындағы шаруалар төрт түліктің басын азайтуға көшті. Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп келді.

Гүлзира Қазылованың шаруашылығы биыл шатқаяқтап тұр. Төрт түлігін қыстан аман алып шығу үшін қазірден мал басын азайтуға көшкен. Өйткені, қырдағы жер қурап қалды. Ал Ертіс өзенінің бойындағы жайылмаға су жайылмаған.

Гүлзира Қазылова, шаруа:

Малдың санын азайтып жатырмыз. Өйткені, жайылымда жоқ. Шөпте жоқ. Тоғай биыл су шыққан жоқ. Мүлдем шыққан жоқ біздің ауданымызда. Биыл малды шығара аламаймыз. қысқа кіргізе алмаймыз шөп жоқтықтан.

Өзен суының тиісті деңгейде тасымауы әсіресе, Май ауданының шаруаларын титықтаптып тұр. Мұндағы ірілі ұсақты шаруалар малдың қысқы азығын қалай дайындарын білмейді. Өйткені, жер көктемеген. Ал көктеген жерді киіктер таптап кетіпті.

Еркебұлан Жасталапов, шаруа:

Осыдан екі үші жыл бұрын жылқылар бір жерде тұратын. Жайылымда болатын. Қазір шөп жоқ көріп тұрғандарыңыздай. Қырда шөп жоқ. Шөптің бәрін жеп кетіп жатыр. Маңайттың бәрін тақырлады уже. Қазір енді жылқы тұрмайды. Жылқының соңындамыз. Шөп жоқ.

Аудан басшылығы да бұл мәселеден хабардар. Алайда, қолдан келер қайран жоқ - деп отыр.

Ағыбай Әмірин, май ауданының әкімі:

Биыл су жоқ. Ертістен жайылмаларға өкінішке орай су жоқ. Яғни, шабындық мәселесі өте күрделі мәселе болып тұр. Қырдан шабамыз ба дегенді үмітті мына ақбөкендер басып, олар жай жүрмейді. Бір жүргенде 500 кем бас болмайды. Ол жай қой жайылған қара мал жайылған сияқты емес, олар сағатына 30-40 км жылдамдықпен жүреді. Олардың тұяғыннан не қалып жатыр.

Ал өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының есебі бөлек. Олардың сөзінше, алаңдауға негіз жоқ. Малдың қысқы азығын дайындауға қажетті шаралар жасалынып қойылған.

Төлеген Көшербаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Бізге биыл 1 млн 215 мың тоннна мал азығын дайындау керек. Бізде 1 млн 600 мың гектар шабындық алқап бар. Оған қоса өткен жылдан 250 мың тонна шөп қалды. Бұнымен қатар 224 мың алқапта егіңлген көп жылдық шөп бар. осының барлығын қосқанда бізге қажетті қысқы азықты 100 процент аламазы деген үмітіміз бар.

Мамандар биыл жайылманың 70 процентін суға толтырамыз деген. Алайда, бұл көрсеткіш 30 пайыздан астпады. Осыған байланысты халық қалаулылары жауапты тұлғалардың жауапқа тартылуын сұрайды.

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

Ағын ұлғайған кезде Шүлбі су қоймасынан 3500 м/с жылдамдықта 4-5 тәулік ұстап тұруы керек еді. Бірақ, олай бомады. Бұл межеден біренше есе төмен су босатылып, шабындықтар көктем келмей қаңсып жатыр. Себеп қысқы мезгілдерде су қоймаларынан мөлшерден тыс көптеп босатылған. Мұны су қоймаларының кестесінен анық көруге болады.

Қазгидромент мамандары биылғы жаздың ыстық болатынын болжайды. Қазірдің өзінде өңірде күн райы +40 градусқа жетті. Шаруалар жаңбыр жаумаса, егін мен шабындық алпақтың күйіп кететін айтады.

Өзгеріс Қуанар