Мектеп түлектері үшін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы- оқушылар мен ата-аналр үшін айрықша сәт. Бүгінгі таңда ҰБТ кезінде түлектердің білімі ғана емес, психологиялық дайындығы да сынға түседі. Бұл тұрғыда мамандар қандай кеңес береді?

Әр мектеп түлегінің арманы жоғары оқу орыны. Қалаған мамандығында грантпен оқу бәрінің көкейінде. ҰБТ да 11 жыл мектеп қабырғасында жинаған білімдері сынға түседі. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да түлектер жоғары оқу орынын жолдама алу үшін тест тапсырады.

Меңтай Мұхтарова, №7 ЖОББ мектебі басшысының орынбасары:

Мұғалім мен мектеп сапасын көрсететін үлкен сынақ. Қазіргі кезде түлектерге екі рет мүмкіндік беріліп отыр. Әрине, бұл өте қуантатын жағдай. Жалпы түлектер қобалжымау керек. Басқалардың сенімін емес, өз сенімін ақтауға тырысу керек. Бастысы жалқаулық пен балалықты артқа тастап, өз-өзін қолғңа алу керек.

Әрине, бұл сәтте барша мектеп ұжымы да тақымын қысады. Әрбір түлекке сәттілік тілейді. Соңғы уақытта педагогтар білім беруден бөлек, психологиялық кеңес беру жұмыстарын да күшейткен.

Меңтай Мұхтарова, №7 ЖОББ мектебі басшысының орынбасары:

Психологиялық тұрғыда өзін шыңдауды естен шығармаған жөн. Жалпы біздің мектепте биыл 43 түлек мектепті аяқтағалы отыр. Психологиялық тұрғыдан жыл бойы дайындадық. Тренингтер өткізілді, жеке дара кеңестер берілді. Сыныппен кеңестер беріліп отырды.

Ал, мамандар бұндай сәтте отбасылық бірлік пен балаға көрсетілген моральдық қолдаудың орыны айрықша екендігін айтады.

ҰБТ ешкімнің тағдырын шешпейді. Оқушы ең бастысы осыны түсінгені жөн. Ал, ата-ана мен мектеп ұжымы тарапынан артық талаптың болмағаны дұрыс.

Жанасыл Серікбол