Өткен жылы елімізге 13 мыңнан астам қандас тарихи Отанынына оралды. Өңірде 3500 жуық қандас тұрады. Алыстағы ағайын Егдей-тегжейлі әріптесім баяндасын.

Жасұлан Шалабаев – өңірімізге көршілес Ресейдің Омбы қаласынан қоныс аударған. Облыс орталығы іргесінде орналасқан Ақсу қаласына ол 2022 жылы көшіп келген. Қазір қалалық мектептерінің бірінде ұстаз болып еңбек етеді.

Жасұлан Шалабаев, Ақсу қаласының тұрғыны:

Біз Астанаға қоныс аударуды көп жыл бойы жоспарлаған едік. Павлодарға келіп жүрдік, сөйтіп осы қаланы ұнаттық. Бұл жердің тазалығы мен тыныштығына тәнті болдым. Жалпы Павлодардың менталитеті маған өте жақын. Тұрғындары өте мейірімді.

Елімізде қандастарға ұсынылатын мемлекеттік қолдаулар қарастырылған. Елге оралған этникалық қазаққа баспана сатып алуға немесе үй салуға ақшалай төлем беріледі. Кейіпкеріміз аталған бағдарламалар арқылы баспаналы болған.

Жасұлан Шалабаев, Ақсу қаласының тұрғыны:

Мемлекет үлкен қолдау көрсетеді. Қандас мәртебесін алған кезде мемлекет тұрғын үйді жалға алуға жәрдемдесіп, бір реттік ақшалай көмек көрсетеді. Бұл да үлкен қолдау деп білемін. Баспана алу үшін қолайлы бағдарламалар да бар. Біз бұл бағдарламаға ілініп, бүгінде баспаналы болдық. Өте қуаныштымыз.

Тарихи Отанның топырағын аңсап, қоныс аударған Жасұлан Шалабаев өзіне көрсетілетін жан-жақты қолдау мен көмекке риза.

Жасұлан Шалабаев, Ақсу қаласының тұрғыны:

Жалпы, бізді қолдап, жәрдемдескен жандардың арқасында жаңа ортаға бейімделу оңай болды. Ақсулықтар өте жылы қарсы алды. Біз шешім қабылдап, тарихи өлкеге оралғанымызға қуаныштымыз. Сондықтан елге ат басын бұруға ниет етіп жүрген адамдарға «Кейде дұрыс жасалған қадамдар өмірлік жүрісінді өзгертеді» дегім келеді.

Жалпы, еліміз Тәуелсіздігін алғалы бері 1 миллион астам эникалық қазақ тарихи Отанынына оралды. Олардың жартысынан көбі Қытай, Өзбекстан, Моңғолия және Түркіменстаннан келген.

Ақмаржан Қалымбек