Өңірде сәуірдің 15інен мамырдың 30 на дейін балық аулауға тыйым салынған еді. Алайда, Железин ауданында уылдырық шашу кезінде, бұл заң бұзушылықтың 26 дерегі тіркелді.
Железин ауданының полиция қызметкерлері жедел алдын алу шарасы барысында өзен көлдер жағасында кезекшілік жүргізді. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 383-ші бабына сәйкес 9 хаттама толтырылып, екі ауыл тұрғыны ұсталды.
Елдос Нұрғалиев, Железин ауданы полиция бөлімінің бастығы:
Олардан резенке қайық, екі жұп резенке, етік, екі фонарь және көк серке, шортан түрлері бар 21 кг балық алынды. Осы фактілер бойынша ҚР әкімшілік құқықтық бұзушылық туралы кодексінің 383-ші баб 3-ші бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жасалып іс сотқа жіберілді.
Еске салайық, құқық бұзушыларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Мөлдір Сағидолла