Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасы су айдынындағы ақуіпсіздік шараларын түсіндірді. Реидтік шара барысында өзен жағасында демалушыларға жадынамалар таратылды.

Аптап ыстықта жұртшылық Ертіс жағасын паналайды. Суға шомылып, күн көзінен қорғанады. Алайда, су бар жерде қауіп те бар.

Төтеншеліктер Ертісті жағалй жүріп, демалушыларға осындай ескертулер жасады. Суға шомылудың өз қауіпсіздік ережелері бар. Ең бастысы кәмелет жасына толмаған балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Ересектерге де, абай болған жөн.

Сондықтан, жағадағы жұртышыққа жадынмамлар да таратылды.

Ішімдік ішіп суға түсуге болмайды. Жағадан 20 метрге алыстау да өміріңізге қауіпті. Төтеншеліктердің айтуынша, кейде тұрғындар тарапынан қауіпсіздік ережелері өрескел бұзылатын жағдайлар кездесіп тұрады.

Жанасыл Серікбол