Полиция қызметкерлері Екібастұз, Баянауыл, Тереңкөл мешіттерінде қайырымдылыққа салынған жәшіктегі ақшаны қолды қылған күдіктіні ұстады. Айыпталушы Қарағанды облысының 27-жастағы тұрғыны. Айта кетейік, мұндай жағдай облыста бұрын сонды болмаған.

Қарағанды облысының тұрғыны 2023 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында Павлодар облысының 4 мешітінде ұрлық жасаған. Күдікті арам ойын ауылдық мешіттерде іске асырған. Мәселен, наурыз айында Тереңкөл ауданының Қызылтан ауылында еркін қол жеткізу жолымен 140.000 теңге сомасында ақшаны қалтасына басқан. Бұдан бөлек, Тереңкөл ауданы Байқоңыр ауылындағы мешітте сейфтің металл есігін бұзып, қайырымдылыққа жиналған 300.000 теңге сомасын жымқырды.

Айбек Алқамбек, криминалды полиция басқармасының аға жедел өкілі:

Қазіргі таңда оның 2021 жылы ұрлық жасағаны сотталғаны, яғни бас бостандығынан шектелгені туралы анықталды. Яғни, Қарағанды облысының пробация қызметін ескертпей аймақтан шығып кеткен. Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-ші бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу тексеріс жүргізілуде.

Бұдан кейін ол Баянауыл ауданындағы Мұса мырза мештінде, Екібастұз қаласына қарасты Шідерті ауылының құлшылық үйіне барып, арам пиғылмен Алланың үйіне бас сұққан. Одан күдікті 150 мың теңге ұрлаған. Айта кетейік мұндай жағдай өңірде алғашқы рет тіркеліп отыр.

Айбек Алқамбек, криминалды полиция басқармасының аға жедел өкілі:

Болған жоқ ондай жағдайлар. Мұндай жағдайлар бірінші рет. Мешітке кіріп қайырымдылқ жәшігінен садақа салған кісілердің ақшасын ұрлау деген бірінші рет бізде, аймақта жасалған қылмыс.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚК-нің 188 бабына сәйкес іс қолғалды.

Мөлдір Сағидолла