Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тарих ғылымдарының докторы, профессор Халел Арғынбаевке арналған көрме ашылды. Бұл орынға Баянауыл тумасының еңбектері мен тарихи жәдігерлері орналастырылған екен. Толығырақ әріптесім тарқатады.

ХХ ғасырдың елуінші жылдары академик Əлкей Марғұлан бастаған ұлттық этнограф-ғалымдар шоғыры қалыптасты. Халел Арғынбаев, Ұлттық этнография ғылымының көшбастаушысы. Халқымыздың тұрмысы мен салт-дəстүрлері, əдет- ғұрыптары жөнінде түбегейлі ғылыми зерттеулер жүргізген. Қазіргі уақытта көрнекті этнографтың еңбектері жинақталып, музейде орын тепті.

Жеңісбек Қадырұлы, Г.Н. Потанин атындағы павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының этнография бөлімі басшысы:

Өзінің қолдан салған дүниелерін және өзі қолдан жазған хаттарын, киген шапандарын барлығы осы Алматыда Мақпал Арынбаева деген профессор қызы тұрады, сол қызымен байланысу арқылы көптеген дүниелерді алғыздық.

Мұражайдағы көрмеде ғалымның өмір деректері, өз қолымен салынған ат әбзелдеріне байланысты туындыларының суреттері орын тапқан. Тіпті киген шапаны да, жазған хаттары да көрсетілген.

Жеңісбек Қадырұлы, Г.Н. Потанин атындағы павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының этнография бөлімі басшысы:

Салған дүниелерін көрсететін болсақ, мінекей осының барлығын өз қолымен салғанын көріп тұрсыздар. Мысалы қамшының түрлер, осының қолменен салып артына міне өзінің қолтанбасын қалдырып кеткен.

Көрнекті этнографтың еңбектеріне қызығушылық танытқан жазғы лагерь бүлдіршіндері де тарихи жәдігерлерге зер салып, өз әсерлерімен бөлісті.

Санжар Серікұлы, №26 ЖОББМ оқушысы:

Біз №26 мектеп оқушылары осы мұражайға келдік, біз Халел атаның келесі жылы жүзге толатыны білдік, Халел атаның отбасын оларды таныдық, бізге мұражай ұнады, мұражайдағы аға-апаларға үлкен рақмет.

Сондай-ақ келешекте профессор Халел Арғынбаевтің 100 жылдығына арналған үлкен конференция өтеді.