21 маусым — Медицина қызметкерлері күні. Адам өмірін арашалап алатын мамандық иесі жайында сюжетті дәстүрлі түрде жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз өңірімізге белгілі жоғары санатты хирург Еркін Боздақұлы Нұрғалиев.
Еркін Нұрғалиев 1976 жылы Семей медициналық институтына оқуға түседі. Өмірлік мамандықты мектеп қабырғасында бірге оқыған адал досымен бірге таңдаған. Медицина саласында 40 жыл еңбек өтілі бар. Ақ халатты абзал жан жастық шақтағы естелігімен бөлісті.
Еркін Нұрғалиев, хирург:
Он жылдықты бітіргеннен кейін менің досым, дәрігер боламын деп. Ендеше менде дәрігер боламын деп біз екеуміз кеттік. Сонымен түсіп кеттік мед институтқа. Дәрігер болып жұмыс істеп жатырмыз. Менің досым осы күні жоқ. Марқұм болып кетті. Екібастұз қаласында травматолог болып істеген.
Кейіпкеріміз тек бір салада үздіксіз жұмыс істеп келеді. Оқу ордасын сәтті аяқтаған соң, Ақсу қаласында бір жыл интернатурадан өтеді. Ал алғашқы еңбек жолын туған жерінен бастаған.
Еркін Нұрғалиев, хирург:
Еңбек жолымды Май ауданынан бастадым. Май ауданында орталық больницасында хирург болып бастадым. Ол жерде 10 жыл жұмыс істедім. Одан кейін қайтадан Ақсу больницасына келіп, ол жерде 14 жыл жұмыс істедім. 10 жыл бөлім меңгерушісі болдым. Бас хирургы болдым. 2008 жылы обл больницада істедім. 11 жыл істедім. Қазіргі күні 1-ші поликлиникада жұмыс істеп жатырмын.
Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, сол жолды таңдау үшін кең жүрек пен батылдық керек. Олар ғаламшардың ең құнды ресурсы – адам өмірін сақтауда аянбай еңбек етеді. Он жыл білім алып, 1983 жылы медицина әлеміне қадам басқан дәрігер бүгінде жоғары санатты хирург болып еңбек етеді.
Еркін Нұрғалиев, хирург:
Керек мамандық қой. Адамдар ауырмай, сырқамай тұрмайды. Жарақат алмай тұрмайды. Оған кім көмектеседі. Хирург көмектеседі. Басқа дәрігерлер жұмыстарын істейді. Сондықтан адамның жаның сақтауға адамның жанын сақтауға өте керек мамандық дәрігер деген. Адамға жанашырлық керек. Одан кейін білім керек. Оқу керек.
Жаһандық дәуір жаңашылдықтарымен таңқалдырады. Медицина үздіксіз дамып келеді. Сапалы, заманауи құрылғылар дәрігер жүгіне септігі мол.
Еркін Нұрғалиев, хирург:
83-84 жылдары жұмыс бастаған кезде ФГДС асқазанды тексеретін. Ол болған жоқ. УЗИ дейміз. Олда болған жоқ. Рентген болды ол кезде. Ондаймен жұмыс істеп, әжептәуір нәрсеге жетіп жүрдік.
Әлемді жаулаған соңғы жылдардағы ахуал дәрігерге деген құрметті көрсетті. Медицина жолын таңдаған жандар қара басының қамын ойламай, өмір мен өлім арасында арпалысқан науқастарға бірінші болып көмек берді.
Мөлдір Сағидолла