2025 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2024 жылмен салыстырғанда бірқатар жұқпалы сырқаттар едәуір азайған. Ал, тырысқақ, іш сүзегі, оба сияқты бірқатар аурулар мүлдем тіркелмеген.
2025 - жылы COVID-19-дың 12 жағдайы тіркеліпті. Менингококк инфекциясының 4 жағдайы анықталып, ошақтар уақтылы оқшауланған. 14 жасқа дейінгі 90 баладан көкжөтел болған. Ал, биылғы қаңтар айында 6 баладан анықталған. Қызылшаның жұғу көрсеткіші республикалық деңгейден аспаған. Алайда, 14 жасқа дейінгі балалар арасында жиі байқалады.
Қызылшаның негізгі себебі ата-аналардың екпе салудан бас тартуы дейді мамандар. Ал, бас тартудың да сбептері әр түрлі көрінеді. Сондықтан, бұл бағытта негізінен ағартушылық жұмысқа көп арқа сүйейміз деді спикер. Жалпы, жұқпалы-эпидемиологиялық ауруларды жеңудің жалғыз жолы екпе десек, облыс бұл тұрғыда тиісті көрсеткішке қол жеткізе алмай отыр.
Қазіргі уақытта маусымдық тұмаудың таралуы басталуда. Жағдай қалыпты. Облыста инфекциялық сырқатқа шалдыққандарға 475 орын дайындалған. Оның 332-сі балаларға арналған. Сонымен қатар, резервте 192 орын тағы бар. Биыл облыс тұрғындарын иммундау үшін вакцина сатып алуға облыс бюджетінен 1 млрд 306 млн теңге бөлінген.