«Келешек мектеп» жобасы аясында өңірімізде заманауи талапқа сай жаңа білім ордалары салынды. Осындай мектептердің бірі – Павлодар қаласындағы №48 жалпы білім беретін мектеп. Мұнда оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалып, оқу үрдісіне жаңа технологиялар енгізілген. Соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктері сабақ барысында белсенді қолданылып, білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Мектепте жасанды интеллект барлық пәнде белсенді қолданылады. Арнайы цифрлық платформалар арқылы әр оқушының білім деңгейі анықталып, тапсырмалар жеке мүмкіндігіне қарай беріледі. Мұғалімдердің айтуынша, бұл тәсіл сабақтың тиімділігін арттырып, уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.

Алтынгүл Ауыт, Павлодар қаласының №48 ЖОББ мектебінің химия пәнінің мұғалімі

Келешек мектебінде Президентіміз айтқандай біз ЖИ аясында адал азамат бағдарламасын қамтамасыз етіп, шырағай платформасын қолданамыз. Бұл платформаның мұғалімдер үшін пайдасы өте көп. Қысқа мерзімде жоспар жасасаңыз да, ашық сабақтар кезінде де. Қазір ЖИ қолдану аясында көбінесе мультфилімдер арқылы балаларға тез, еркін жету үшін 7-сынып оқушыларына видео сабақ арқылы өткіземіз. Мұнда сыныпты топқа бөлген кезде, ішінде өзінің платформалары бар. Уақыт үнемдейді. Тіпті, балалардың көңіл-күйіне байланысты топқа бөлуге болады.

Жасанды интеллект негізіндегі платформалар әр оқушымен жеке жұмыс жүргізуге жағдай жасайды. Балалар өз қателіктерін бірден көріп, оны түзетуге мүмкіндік алады. Ағылшын тілі сабақтарында да заманауи бағдарламалар кеңінен қолданылуда. Айта кетейік, келешек мектеп жобасы аясында жасанды интеллектіні пайдалану бойынша мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылған. №48 мектептің ұстаздары оған үш ай бойы толықтай қатысқан.

Әйгерім Каниева, Павлодар қаласының №48 ЖОББ мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Жалпы тіл сабағы болғандықтан өзім ЖИ айтылым және тыңдалымда көп қолданамын. Тыңдалымда балалар тапсырма орындайды. Яғни, мәліметті тыңдап, ақпаратты жазу арқылы. Ал, айтылымда ойын арқылы өткіземіз. Дыбыстарды қалай айту керек дұрыс. Соның бәрін үйренеді. Екі рет тыңдайды, үшінші рет сұраныс бойынша тағы қосамын. Сол бойынша олар өздерінің тілдерін жаттықтырады.

Жасанды интеллектіні меңгеру тек мұғалімдермен шектелмейді. Оқушылар да арнайы курстарға қатысып, жаңа технологиямен жұмыс істеуді үйреніп жүр. Олардың айтуынша, сабақтар бұрынғыға қарағанда қызықты әрі түсінікті өтуде. Бұл оқушылардың болашақ мамандық таңдауына да оң әсерін тигізеді.

Жанерке Тұяқ, Павлодар қаласының №48 ЖОББ мектебінің 10-сынып оқушысы

Қаңтар айында Алматы қаласында өткен Ресей және ҚР министрлері бірлесіп жасаған ауқымды шараға қатыстым. Ол жерде біз 3 күн бойы ЖИ туралы деректерді білдік. ЖИ туралы практикалық жұмыс жасадық. Код жаздық. Осы сапара арқылы сабақтарда сиглипту бағдарламасымен таныстым. Бұл сурептен симматикалық іздеу моделі. Сол сапардан алған маңызды ақпараттарды мен қазір өзімнің оқу бағдарламамда белсенді қоданамын. Болашақта, менің таңдаған мамандығым осы айти саласымен байланысты. Яғни, ЖИ қолдану арқылы мен болшақта ҚР жасанды интеллектінің дамуына зор үлес қосқым келеді.

Мамандардың пікірінше, жасанды интеллект келешек мектептің маңызды бағыттарының бірі. Бұл технология білім сапасын арттырып қана қоймай, оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және цифрлық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді.

Сабина Жолдаспаева