Майқайыңда өндірістегі қауіпсіздікті заң және тәртіп аясында сақтау бойынша жиын өтті. Онда прокуратура, аудандық әкімдік, кәсіпорын басшылығы бірлесіп, өндірістегі мәселелі тұстарды талқылады. Толығырақ тілші сюжетінде.
Күнтәртібінде – 7 негізгі сұрақ қарастырылды. Қауіпсіздік шараларынан бастап еңбек кодексіндегі талаптар түсіндірілді. Әр пункт жеке-жеке талқыланды, сарапшылар оқыс оқиғалардың себеп-салдарын талдады, алдын алу бойынша шараларды ұсынды.
Руслан Бердісбаев, Баянауыл ауданының прокуроры
Қазір бізде "заң және тәртіп" қағидаты аясында еңбек ұжымдары арасында осындай акциялар өткізілуде. Тиісінше, біз барлық еңбек ұжымдарына болашақта өндірістік жарақаттануға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың барлық түрлеріне жол бермеуге көмектесетін негізгі іргелі принциптерді жеткізгіміз келеді. Сондықтан қазір заң және тәртіп қағидатына байланысты мұндай акция тікелей "Майқайың Алтын" АҚ аумағында мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілді. Бұған әкімдік, еңбек инспекциясы және прокуратура қатысты.
Қауіпсіздік қызметінің басшысы былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Онда қауіпсіздікті нығайтудағы шаралар, анықталған бұзушылықтар және жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік беретін жұмыстар сөз етілді. Қалай болған да әрқайсы бұл шаралардың адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін жасалып жатқанынын түсінеді.
Ерлан Искаков, «Майкайыңалтын» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы
«Әрі қарай, слайдта біз қандай жетістіктерге қол жеткіздік және оны не үшін жасайтынымыз көрсетілген. Бүгін бюджет жоспарланды, өтінім бердік, қызметкерлердің қате әрекеттерін болдырмау үшін оқшаулағыш-блоктаушы құрылғыларды сатып алатын боламыз. Яғни, механизмдердің кенеттен іске қосылуынан немесе жөндеу жұмыстарын орындау кезінде тоқтаудан. Сондай-ақ, көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану жобасын іске асыру үшін қаржы қаражаты бөлінді, әрбір көлік құралы мен өздігінен жүретін техникаға біз мониторинг жүйесін орнатамыз, яғни көліктің қай жерде екенін бақылау үшін жүргізушінің шаршау жүйесі көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің қандай күйде екенін түсіну үшін орнатылады»
Қауіпсіздік техникасын бұзғандарға қылмыстық жауапкершіліктің бары да сөз етілді. Прокуратура мен кәсіпорын бірге қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, тәуекелдерді жою тәсілдерін қарастырып жатыр. Бұл жұмыс барысын қауіпсіз етіп қана қоймай, тиімді етуге де көмектеседі.
Даниал Нәбиев, «Майкайыңалтын» АҚ бас директоры
«Айталық, осындай жақсартулардың, кәсіпорынның осындай өзгеруінің бастауында тұруға тырысамыз. Алтыналмас үшін біздің бас компаниямыз үшін стандартты тәжірибе екенін атап өткім келеді. 5 жыл бойы ЕМС "АЛТЫНАЛМАС" АҚ ұсынылған барлық өңірлерде барлық қызметкерлер қатысады. Жеке карточкалар беріледі, онда 3 отбасы мүшесі қарастырылған және адамдар медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді ала алады»
Жиында қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, нақты шешімдер ұсынылды. Әр ұсыныс қауіпсіздік пен кәсіпорын жұмысын тиісті деңгейде жүргузіге бағытталады.
Самал Қалиқызы