Павлодар облысының тұрғындары мен қала қонақтарына маңызды ескерту! Өңірде ауа райы қолайсыз, жаңбыр мен көктайғақ күтілуде. Сондықтан алыс сапарға шығарда абай болуға шақырады.
Тәртіп сақшылары барлық автожолдарды тәулік бойы бақылайды. Жолдағы төтенше жағдайларды алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жүргізушілерге ауа райы өзгерістерін қадағалап, жабылған жолдарға шықпау ұсынылады. Жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау өте маңызды. Жылдамдықты асыра көтермей, арақашықтықты сақтаған жөн. Жол белгілеріне бағыну қажет. Ал жаяу жүргіншілерге көктайғаққа байланысты абай болуды ескертеді. Мамандар төтенше жағдайға тап болған жағдайда бірден 112 немесе 102 нөміріне хабарласуды айтады.
Сабина Жолдаспаева