Құрбан айт - мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі. Биыл 28 маусым күні басталып, 3 күн қатарынан атап өтілмек. Бұл күндері не ітсеу керек? Осы және басқа да өзекті сұрақтардың жауабы алдағы сюжетте.
Айлардың сұлтаны – Рамазан айынын кейін араға 70 күн салып, ұлық мереке - Құрбан айтқа санаулы уақыт қалды. Құрбан айт күндері мұсылманның жасайтын ең ізгі амалы – құрбандық шалу. Биыл Құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері атап өтіледі.
Құтты Құрбан айтқа бір күн қалғанда ұлық мерекенің бастауы - Арафа күні кіреді. Бұл күн Алланың иман келтірген құлдарына берген сыйы саналады. Бұл күні ораза ұстау екі жылдық күнәнің өтеуі болады.
Әл-ауқаты төмен жандарға құрбан шалу міндет саналмайды. Жаратқанның разылығы үшін шынайы ниетпен жасалған жақсы амалдар да - мол сауап.
Құрбан айт – берекетке себеп. Қасиетті күндері мұсылманның өзгелерге жанашырлығы мен риясыз пейілі таразыға түседі. Бұл күндері мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі. Жақсылық жасауға ниет еткен жандар үшін тіпті арнайы сайт қарастырылған.
Құрбан айт күні облыстың барлық мешіттерінде таңғы сағат 7-00 де жамағатпен айт намазы оқылады. Сондай-ақ қалалық саябақта Павлодар қаласы әкімдігі мен шаһар мешіттері бірлесе отырып, ұлттық-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырмақ. Биыл мешіт аумағында құрбандық шалынбайды. Бұл рәсімдер иппадромда өткізіледі деп жоспарланған.
Ақмаржан Қалымбек