Баянауыл маңында жүздеген ақбөкеннің өлексесі табылды. Жаппай қырылудың себебі не? Dala.Camp экспедициясы Баянауыл мен Курчатов аралығында жаппай қырылған ақбөкендерді анықтады. Мамандар бұл жағдайдың себебін зерттеуде.
Қазақстанда 1-16 мамыр аралығында өтіп жатқан Dala.Camp ұлттық мал шаруашылығы экспедициясының қатысушылары жаппай қырылған ақбөкендерді анықтады. Бұл жағдай Баянауыл мен Курчатов аралығындағы аумақта, Жаңа Ақшиман ауылына жетпей байқалған.