Еліміздің ынтымақ мейрамы Ақсу қаласында да аталып өтті. Әр түрлі этномәдени бірлестік өкілдері бірлік әнін шырқады. Қазақстан атты қастерлі шаңырақтың биік болуын тіледі. «Мәдениет және демалыс» саябағында этноауыл құрылып, «Бірлік пен ынтымаққа 30 жыл» ұранымен ауқымда щара өтті.
Тұтас елдің жарқын болашағы жарқын болуын қалаған түрлі этностар халықтың бірлігін күн сайын насихаттап келеді. Бірінші мамыр атаулы күнде де ынтымақ пен бірліктің жаршысы екендіктерін баршасы көрсетті. Мамырдың ашық аспанынының астында айтылған тілек, шырқалған ән де осы көңілді қөұптайды.
Әр түрлі алаңдар құрылып, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйланды. Әр халықтың дәмінен дастархан жасалып, көпшілікке ұсынылды. Жұртшылық шуақты мерекенің шырайын тамашалап, тілектерін жеткізді.
Спорттық және әр түрлі ойын алаңдарда көпшілік өз нерлерін көрсетті.
Ақсу қаласы ежелден бірлігі мен ынтымағы жарасқан еңбекшілер шаһары. Бұл күні бұны тағы да дәлелдеп, көпшілікке көрсетті.