Павлодардың жасыл қоры әлі де ұлғайтылып, жаңа ағаштар егіледі. Жақын уақытта жергілікті билік қала орталығындағы шамамен 900 ескі ағашты отап, орнына жайқалған жөке ағаштарын егуді жоспарлап отыр. Сарапшылар жаңа ағаштар Ертіс бойына жылдам жерсінетіндігіне сенімді.
Қаланың жасыл қорын жаңарту жұмыстарының барысымен облыс әкімі Асайын Байханов арнайы танысты. Жөке ағашының көшетін өз қолымен егіп те көрді. Жас жөкелер ескірген, көбісі 1960–70 жылдары отырғызылған ағаштардың орнына егілуде.
Татьяна Пономарёва, биолог сарапшы
Бұндағы үйеңкі ағышыңын негізгі орта жасы 40-50 жас. Бүлар алпысыншы, жетпісінші жылдары егілген болса, жасы қаншаға келгенін есептей беріңіз.
Соңғы екі жылда қаланың орталық бөлігіндегі жеті аумақта 622 жөке ағашы отырғызылған. Биыл билік бұл көрсеткіштен асып, шамамен 900 жаңа жасыл желек отырғызуды жоспарлап отыр.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
Баян батыр, Назарбаев, Кривенко, Айманов, Астана, Катаев, Торайғыров, Қайырбаев көшелеріне отырғызуды жоспарлап отырмыз. Көктемте ескі ағашатрды кесіп, орнынан егеміз.
Жөке ағаштары қалалық жағдайға жақсы бейімделген. Шаң-тозаңға, газды ауаға, ыстыққа да, суыққа да төзімді. Тамырланғаннан кейін күрделі күтімді қажет етпейді. Дегенмен, алғашқы жылдары тұрақты суару, топырақтың кебуінен қорғау және дұрыс отырғызу сияқты жауапкершілікті қажет ететін сәттері бар. Жөке ағашының өмір сүру ұзақтығы 100 жылға дейін жетуі мүмкін, бірақ қала жағдайында бұл көрсеткіш әдетте біршама төмен болады.