Мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі – Құрбан айт жақындап қалды. Естеріңізге сала кетейік, биыл қасиетті мереке 28 маусым басталып, үш қүн қатарынан атап өтіледі. Облыс орталығында құрбан шалу қай жерде рұқсат етілді? Бұл туралы брифинг барысында айтылды.
Құрбан айт - мұсылман күнтізбесіндегі ерекше қасиетке ие мереке. Бұл күндері құрбан шалып, жамағатпен айт намазын оқу – сауабы мол амал. Биыл құрбан шалуға ниет еткен мұсылман үшін арнайы орын дайындалды. Ал, айт намазы Павлодар облысының барлық мешіттерінде 28 маусым таңғы 7-де оқылады.
Тазалық – иманның жартысы. Сондықтан құрбандық шалу орындарында барлық санитарлық-тазалық ережелер сақталуы тиіс.
Қасиетті мерекеде Жаратқанның ризашылығына бөленіп, қайырымдылық жасауға ниетті жандар үшін "Құрбан-2023" сайты іске қосылған. Бұл қосымша арқылы құрбан шалған мұсылман өз аты-жөнін тіркеп, қаражатын я болмаса сойылған мал етімен бөліседі. Кейін сойылған ет мұқтаж жандарға үйлестіріледі.
Айта кетейік, құрбан айт күндері қалалық саябақ аумағы мен облыстың барлық мешіттерінде мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Ақмаржан Қалымбек, Мұрат Әбілмажит