Зейнет жасына шыққан қарттар уақытын тиімді әрі, пайдалы өткізуге тырысады. Бірнеше жыл бұрын облыс орталығында жұмыс істей бастаған белсенді өмір сүру орталығына барады. Бірі жазда дене жаттығуын жасап денсаулығына мән берсе, енді бірі қоғамдық жұмыстарға араласады.
Бұл белсенді өмір сүру орталығында күнделікті өтетін «Кавеланос» жаттығу. Бұдан бөлек мұнда йога, жеңіл атлетика, теннис, шахмат, тіл үйрену клубтары, хор, би, тамақ дайындау және қолөнер, тағы басқа үйірмелер жұмыс істейді. Әжелер мен ақсақалдар тәң сәресінен орталыққа келіп үйірмелерге қатысады. Солардың бірі 74 жастағы Сағындық апамыз. Терапевт дәрігері. 5 жыл бұрын зейнеткерлікке шықты.
Сағындық Әбілдинова, белсенді өмір сүру орталығының мүшесі:
Мұнда ұзақ уақыт келіп, дене шынықтырумен айланысамыз. Өзіміздің денсаулығымызды түзетеміз. Центрге бір аптада 3 реттей келіп отырамыз. Орталық бізге жақсы өмір сүруге береді. Біз енді зейнет уақытына келгенде үйде отырып қалу үшін емес өмір жалғасады. Сол үшін бізге орталыққа барып, жүру керек.
Павлодар қаласының тұрғыны Бақыт Сүлейменова, фтизиопедиатр. Бір жыл бұрын демалысқа шықты. Орталық туралы туыстарынан естіген.
Бақыт Сүлейменова, белсенді өмір сүру орталығының мүшесі:
Мен зейнеткерлікке шыққаныма бір жыл болды. Осы клуб долголетие Павлодар қаласында бар екенін естіп, келіп едім. 4 ай болды осында жүргеніме. Өте қуаныштымын не үшін келдім. Денсаулығымды сақтауға өзмнің физический духовно развитие жасауға біздегі Елена Борисовна мықты тренер өзінің упражнение жасап сол суставной проблемаларға жақсы.
Үйірме жүргізуші Елена Ковалева «Кавеланос» жаттығуын өзі ойлап тапқан. Авторлық жүйе омыртқа, аяқтағы буын аурын, сондай-ақ қан қысымын реттейді.
Елена Ковалева, жаттықтырушы:
«Кавеланос» жүйесін дайындадым. 40 жылдан астам уақыт болды. Жаттығуды әзірлегеннен бастап үнемі ізденіп, оқып отырамын. Омыртқа жарақатынан алғаннан кейін, дәрігерлер маған жүре алмайтынымды айтты. Әстен-әстен денсаулығым жақсарды.
Үйірме қатысушыларының күн тәртібі сағатына дейін жазылған. Бірі тоқыма үйірмесіне барса, енді бірі ән айтып, салауатты өмір салтын ұстанып, марафонда жүгіреді. Орталыққа 60-80 жас аралығындағы 785 зейнеткерлер барады.
Әйгерім Тоқпанқызы