28 маусым күні Мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құрбан айт мерекесі басталды. Құрбан айт-Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін діни мейрам.
Құрбан айт мерекесі таңғы сағат 7-де айт намазынан бастау алды. Мешітке жиналғандардың қарасы қалың. Құрбан – діни ұғымда Аллаға жақындау мағынасын береді. Мүмкіндігі бар жандардың барлығы жылына бір рет келетін мейрамнан тыс қалмақ емес.
Самат Шәкірат, Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің ұстазы:
Ең бастысы ниет Аллаға жақындау Әрине, қой, ешкі болсын дұрыс болу керек. Ақсақ тоқсақ емес мүйізі сынған емес осындай өзінің шарттары бар. Әр басы кімнің қандайға шамасы келеді соны құрбандыққа шалады ғой. Құрбандық шалу барша халыққа міндет емес қой зекет болады дәрежеде сондай оларға құрбандық шалуға міндет болады.
Айт намазына келіп, құлшылық жасаған қала тұрғындары баршы мұсылман қауымын ұлық мерекемен құттықтады.
Зекен Доқұлов, Павлодар қаласының тұрғыны:
Мына Құрбан айт қабыл болсын. Әрқашан семьяда бақытты өмір сүріңдер. Жақсылық болсын. Құрбан айт қабыл болсын. Айттарыңызбен.
Өндіріс Мәқұшов, Павлодар қаласының тұрғыны:
Құрбан айт мерекелеп жатырмыз. Қабыл жассын. Елімізге, халқымызға жұртымызға тыныштық беріп, әртүрлі қауіп қатерден сақтауға нәсіп ете көр Алла. Осы мерекеміз құтты болсын Алла.
Ермек Кәкімов, Павлодар қаласының тұрғыны:
Бүгін міне Құрбан айт намасына жиналып келдім. Мүбарак болсын, Айт ендігі құдай жазса Алланың арқасында тағы ендігі жылы жетейік. Бұқарама денсаулық, аман болсын. Балаларымыз бақытты болсын.
Құрбан айт намазынан кейін құрбан шалу рәсімі «Құлагер» ипподромында жалғасты. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр сияқты төрт түліктерді шалуға болады. Қой мен ешкі 1 жастан, сиыл 2,ал түйе 3 жастан асқан болуы керек. Биыл қой бағасы 50 мың, ірі қара мал 400 мың теңге болып сатылды.
Қанат Қабдікәрімұлы, Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің наиб имамы:
Құрбан айттың басты мақсаты жақсы амалымыз ол Құрбан деген Аллаға жақындау разылығын алу. Алла қабыл етсін дейміз. Арнайы орын бөлгеннен кейін қала әкімшілігі осы жерде алдын ала санитарлық тексеріліп, содан кейін барып кіргіщіледі. Алдын ала тексерілген. 30 маусым бұл күндерге құрбандық шалуымызға болады. Ең соңғы күн ол 30 маусым күн батқанға дейін құрбандығымызды шалуға болады.
Өңір еріктілері сауапты іс көшбасында. Барлық рәсім толық орындалғаннан кейін волонтерлер қауымы етті тарату жұмыстарымен айналысады. Сойылған мал етінің 3/1 бөлігі аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты аналар мен тізімде тұрған мұқтаждарға үлестіріледі.
Гүлнәр Исақанова, ерікті:
Осы іс шараны дайындап бүгін жетім жесірлерге мұқтаж адамдарға құрбандық шалып, сол құрбандықтың етін таратамыз.
Құрбан айттың алғашқы күнінде шалынған малдың еті мұқтаж 200 отбасыға, жетімдер мен сәбилер үйіне және балалар оңалту орталығына таратылды. Бұдан бөлек, Қазақстан мұсылман діни басқармасының қолдауымен ҚҰРБАН-2023 арнайы сайт ашылған. Бұл арқылы адамдар тапсырыс беріп, ақша аударады. Тапсырыс берген адаммен байланыс орнатып, соның атынан құрбандық шалынады.
Әйгерім Тоқпанқызы