Павлодар қалалық мәслихатының кезекті отырысы өтті. Онда бірқатар шешімдер қолдау тапты. Бұқарарлық спортың дамуы, жүмыспен қамту мәселері талқыланды. Сонымен қатар, облыс орталығына іргелес Ленин кентінің атауын өзгерту туралы шешімді жергілікті қауымдастық шешімін мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдады.
Павлодар қаласында бұқаралық спорт түрлерін дамыту жолында бірқатар шаралар қабылдануда. Атап айтқанда 2022 жылы 11 шағын футбол алаңы жөнделіпті. Кейбір жаңадан салынып пайдалануға берілген. Қаланың 73 ауласында дене шынықтыру құрылғылары орнатылған. Спорттың ұлттық түрімен Павлодар қаласы бойынша 8 мыңнан астам адам айналысады екен. Сонымен қатар, мәслихат отырысында 2021-25 жылдарға арналған кәсіперлікті дамытудың ұлттық жобасының іске асу жайы да баяндалды. Жоба басталғалы 5 жарымға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Гүлбарам Белялева, Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
Ұлттық жоба аясында 54 адам бизнес идеяларды дамытуға арналған гарант иеленді. Бұл жоспардың 50 пайызы. Жиыны 108 грант беру көзделген. Сонымен қатар, осы ұлттық жоба аясында жастарға арналған 2,5 пайыздық несие де берілуде.
Мәслихатта қаралған мәселердің бірі ономостика. Бүгінгі таңда Павлодар қаласына қарасты 7 ауыл бар. Осы ауылдарда 220 көше бар. Оның 158-і қазақ тілінде аталады. Көшелерге қазақ халқының ұлттық таныман жақын атаулар мен тарихи тұлғалардың есімі берілуде. Көшелерден бөлек елдімекен атауын өзгерту ісі де маңызды. Көктемде Ленин кентінің тұрғындары көптен бері сұрап жүріп, елдімекен атауын Атамекен деп өзгерту туралы шешім қабылдады. Халық қабылдаған шешім бүгінгі сессияда халық қалаулары алдына ұсынылды.
Айгүл Нұрғамысова, Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
Келіп түскен азаматтардың өтініші негізінде жалпы 4 атау қаралды. Атамекен, Бидайық, Жетінші ауыл және Қазанғап би. Нәтижесінде жергілікті қоғамдастық мүшелері халық көп қолдаған Қазанғап би және Атамекен деген екі атаудың ішінен таңдау жасады. Дауыс беру нәтижесінде Ленин кентін Атамекен деп қайта атауға жергілікті қауымдастықтың 49 мүшесі дауыс беріп, бір адам қалыс қалды. Бүгінгі таңда барлық құжаттар жиналып, облыстық ономостикалық комисияның қарауына ұсынылады деп жоспарлануда. Осы маңызды шешімді қолдауларыңызды сұраймын.
Атамекен атауын депутаттар бірауыздан қолдады. Ал, біз елдімекен тұрғындарының өз пікірін де біліп қайтқан едік.
Енді бұл атау облыс деңгейінде қараудан өткен соң нақты бекітіледі.
Жанасыл Серікбол