Халық ішінде Нағыз ерлік пен жанқиярлықтың жарқын үлгісі болып жүрген жандар әрдайым ортамызда. Мәселен, Асан Асайынов есімді жас жігіт орталық жағалауда суға батып бара жатқан жасөспірімдерді құтқарып қалды.
Сол күні ол орталық жағалауға демалуға келген. Алғашында жасөспірімдер жай ғана ойнап жүр деп ойладым дейді. Бірақ, су түбіне бата бастағанын аңғарып, бірден қол ұшын созуға кіріскен.
Асан Асайынов, студент:
Мен дереу кері бұрылдым да оларға жүзіп жеттім. Батып бара жатқан біреуін шашынан сүйреп алып шыққанымда екіншісі сасқалақтап жармасу арқылы мені де суға батырды. Сосын оларды бір-бірлеп алып шықтым.
Осылайша жас жігіттің батыл әрекетінің арқасында оқыс жағдай қайғылы оқиғаға ұласқан жоқ.
Асан Асайынов, студент:
Ерлік деп санамаймын. Менің ойымша кез-келген адам осындай қадамға барар еді.
Асан Баянауылда көлдің жағасында өскен. Сондықтан, жүзуді жақсы меңгерген. Ал, ата-анасы ұлды тәрбиелегені үшін мақтана алады.
Жанасыл Серікбол, Валентина Леонова