Қойнауы қасиетке толы, белгілі тұлғалар мекені Жұмат Шанин атындағы ауылына 60 жыл. Айтулы мерейтойға орай елді мекенде мешіттің асханасы мен «Жастар орталығы» ашылып, дүбірлі той ұйымдастырылды. Бергі тарихы тың игерумен байланысты болса, арғы ғұмырбаяны тереңде жатқан мекеннің тойына қатысып қайтқан тілшіміз баяндайді.

Ұлтқа қызмет еткен тау тұлғалардың мекені, тау-тасы тарихқа толы мекен ресми түрде «Южный» кеңшары 1963 жылы жасақталды. Кеңес үкіметі тұсында аумақта мал басы еселеніп, егін егуде зор жетістіктерге қол жеткізді. Ауылға 1992 жылы режиссер, драматург, актер, қазақтың театр өнерінің негізін салушылардың бірі Жұмат Шанин есімі берілді. Тәуелсіздік жылдары түрлі кезеңді басынан өткерген елді мекеннің бүгінгі ахуалы айтарлықтай жақсарған.

Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі:

Биылғы жылы облыстық, республикалық бюджеттерден 7 млрд 585 млн теңге 50 жобаға қаражат бөлініп бүгінгі жолы аудан бойынша іске асырылып жатыр. Қаражар южный авто жолына 2022 жылы 15 шақырым биылғы жылы 15 шақырым жасалып жатыр, нақты осы ауыл бойынша 3 жылдық жоба су жүргізу жобасы іске асырылып жатыр, биыл осы ел игілігіне береміз деген жұмыс жасап жатырмыз.

Аудан әкімі Ардақ Ксентаев ауыл тұрғындарын мерейтойымен құттықтады.

Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі:

Баршаларынызды бүгінгі дүбірлі той Жұмат Шаниннің ауылының 60 жылдығымен барлықтарынызды шын жүректен құттықтайм. Жұмат Шанин ауылы ынтымағы жарасқан, тірлігі тиянақты, бірлігі бекем ауыл. Алақандай ғана ауылдан өңірді ғана емес елді танытқан ірі тұлғалар шықты.

Той барысында «Жастар орталығының» тұсауы кесілді. Ғимарат ауыл тұрғындары мен сырттағы қамқоршылардың жинаған қаражатына бой көтерген. Бұған қоса «Ақмешіт» жанынан жаңа асхана да ашылды. Келген қонақтарға осы жерден ас беріліп, одан соң дүбірлі той спорттық ойындармен жалғасты.

Ратбек Ашуев, ауыл ақсақалы:

Қазірде осы ауылдың жастары ұйымшыл, көбінесе енді мен ардагерлер кенесін басқардым ғой 15 жылдай, сол маған келет аға не істейміз қалай істегеніміз дұрыс болады деп, елге не керек бірінші соны айтмыз ғой.

Мерейтойға жер-жерден осы елдімекенде кіндік қаны тамған азаматтар келді. Осы жердің топырағында өніп-өскен отбасылар да қаншама. Қазіргі уақытта округ бойынша 1000, ал Жұмат Шанин ауылында 500 аса адам тұрады.

Әлібек Сапабеков, Күркелі ауылдық округінің әкімі:

Жалпы, осы алдымызда халық, бұрын 4000 халық тұрған ғой, қазіргі таңда 1000 халық тұрып жатыр. Қазір сол ауылдағы халықтын санын көтеру үшін жұмыс атқарып жатырмыз.

Мерейтой спорттық ойындармен ғана шектеліп қалмай мерекелік концертке ұласты. Мерекелік бағдарламаны Баянауыл ауданының өнер ұжымдары мен жергілікті өнерпаздар жалғастырды. Осы ауылдың тумасы, «Argonya» лақап атымен танымал эстрада әнші Арғын Әусеров те жерлестерін дүбірлі тоймен құттықтап арнайы келді.

Арғын Әусеров, эстрада әншісі:

Соны биыл естіп жатырмыз жол салыныпты, мешіт салыныпты 60 жылдығы бар екен соған келіп жатырмыз. Өзіміз болып өзіміздің ауылға.

Шара соныңда жарыс жеңімпаздарын ақшалай сыйлықпен марапаттап, ауыл тұрғындарының қолдауымен ат жарысы бәйгеде жүйріктерді анықтады.

Байтұрсын Жұмабай