Екібастұз қаласында Естай Беркімбаевтың 155 жылдығы тойланды. Қазақ ән өнері, мәдениеті тарихындағы айтулы тұлғаның атындағы республикалық әншілер байқауы өтіп, жеңімпаздар мараптталды. Шара аясында Естай әні шырқалып, ұлт мәдениетінің рухы асқақтады.
Әлемге танымал ән падишасының тойына Екібастұз жүртшылығы тыңғылықты дайындалып, мазмұнды шараларды көпшілікке ұсынды. Қазақ мәдениеті мен тұрмысы бейнеленген сурет өнерінің көрмесі, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі. Қаз-қатар тігілген киіз үйлер. Бұның бәрі Естайды тудырған, Естайды өнерпаз еткен қазақ халқының бай мәдениеті.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Айтулы мерекеде баршаңызға амандық, отбасыларыңызға береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Қасиетті Ертіс-Баян тумасы, рухы биік Естай мұрасы халық жадында мәңгі қалары сөзсіз. Атақты атамыздың мерейтойы құтты болсын, ағайын!
Мерекелік бағдарлама аясында ән байқауының жеңімпаздары марапатталды. Оған еліміздің түк-түкпірінен келген жас әншілер қатысқан. Сонымен қатар, ән өнерінің аға буын майталмандары да арнайы келіп, «Құсни-Қорлан» әнін шырқады.
Естай өнерімен де, өмірімен де аңызға айналған жан. Дала табиғатынан сіңген таза болмысы, өнеріне адалдығы оны аңыз етті.
Серік Елікбай, жазушы, профессор:
Қазақтың тарихында әнге бір алтын қазақ болып қағылған екі-үш адамды айтуға болады. Біреуі – Баржан, эжалғасы Ақан. Соңғы нүктесі бұл Естай. Естаймен қазақтың сал-серілік дәурені тауыслады. Заман өзгереді, уақыт өзгереді. Қазақтың даласындағы ғашықтықтың соңғы символы. Операға алып шығуға болатын дүниені молынан жазған естай.
Естай әні бүгінде әлемнің шартабарында шырқалады. Ән туралы айтылып, ғашықтық жайлы сөз болса әуелі Естай еске түседі.
Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
Жақсылыққа дәнекер болып, елде атап өтуі, елеп өту, жақсыссын сыйлауы, өнерін сыйлауына өте қуандық. Қазақ әні, қазақ өнері жасасын. Естай әні әуелеп жүре берсін деген тілегім бар.
Ән мееркесі әрмен қалай спорттық шараларға ұласты. Балуандар белдесіп, асықшылар мергендікпен сынасты. Арқан тарту жарысы да той көркін қыздырды.
Жанасыл Серікбол