Железин ауданындағы 37 бас сиыр уланып өлген. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының мамандары хабарлады. Айтуларынша, олар топырақ пен судан сынама алған. Нәтижесінде малдың улау жұмыстары жүргізілген жердегі суды ішкені анықталды.

Оқиға Железин ауданына қарасты Башмачное ауылында болған. «Асан» шаруа қожалығындағы 37 сиыр арам қатты. Бастапқыда мал иелері төрт түлік аурудан өлуі мүмкін деп болжаған. Алайда, топырақ пен судан алынған сынама малдың уланғанып өлгенін анықтады.

Асылтас Тілеубаев. облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

Мал суаратын наудан құдықтағңы судан сынама алынған болатын. Содан келесі препараттар анықталды. «Дихлорфос», «Диметоат», «Паратионметил», «Хлорпирифос» деген. осы 4 препараттың жоғары деңгей анықталды.

Оқиға болардан бір күн бұрын ғана шаруа қожалық иелері егінді жәндіктерден қорғау үшін улау жұмыстары жүргізген. Содан сиыр су ішетін науаларда улы препараттардың қалдығы қалса керек. Сиыр ішкен судан малдың бұзаулары да ішкен. Алайда, бұзаулар енесін еметіндіктен, аман қалыпты. Мамандардың айтуынша, сиыр сүті удың бетін қайтарған.

Өзгеріс Қуанар