Баянауылда 56 жыл бұрын «Дос-Мұқасан» ансамблі құрылған
56 жыл бұрын аты аңызға айналған «Дос-Мукасан» тобы Баянауыл баурайында құрылды. 1967 жылы Алматы қаласынан келген бір топ студенттер құрылыс отрядтарына қатысып, эстрадалық вокальді аспаптар ансамблінің құрған. Сол уақыттан бері халыққа керемет әндерін сыйлап келеді.
1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының студенттері Баянауыл ауылдарына барып, тұрғын үй мен мәдениет үйінің ірге тасын қалауға ат салысқан. Мәдениет үйін тұрғызған студенттер оның ашылу салтанатын қалай ұйымдастырамыз деп біраз ойланған. Сол жерден пионерлік барабан, 7 шекті гитара мен аккордеон тауып сахнада өнер көрсеткен. Осылайша «Дос-Мұқсана» ансамблі құрылған.
Қазақ әншілік өнері тарихында тұңғыш рет рок жанрында құрылған топ, әлі де барша көрермендерді керемет әндерімен тамсандырып келеді. Қазір ансамбль мүшелері Алматы қаласында тұрады. Топтың көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайыновпен телефон арқылы хабарластық.
Мұрат Құсайынов, “Дос-Мұқасан” ансамблінің көркемдік жетекшісі, қр еңбек сіңірген қайраткері :
Біздің ансамбльдің ең бірінші концерті Баянауылда 1967 жылы 1 тамызда өтті. Біз Алматыдан келген қазақ политехникалық институт студенттері едік. Баянауылда халықаралық студенттер құрылыс отрядында болдық. 1 тамыз күні ансамбльдің аты қойылды. Оны қойған Будапешттен келген,бізбен бірге отрядта болған венгр студенттері және оның жетекшісі Янош Карпаты. Дос-Досым, Мұ-Мұрат, Қа-Қамит, Сан-Саня, деп ат қойды “Дос-Мұқасан”.
Талайды тамсандырған вокалды-аспапты топ халық арасында қазақтың BEATLЕS-ына айналған. Аңыз ансамбль Дос-Мұқасанға биыл 56 жыл толып отыр.
Байтұрсын Жұмабай