Қаламыздағы қолөнер шеберлері отандық өнім, тақияны халыққа ұсынып жатыр. Он саусығынан өнер тамған шеберлер ұлттық қолөнер түрлерін дамытып, дәстүрлі өнерді жаңғыртуда. Бүгінгі таңда кәсіп ашып, шеберлік сағаттарын өткізіп, ата-дәстүрді жас ұрпаққа үйретуде.


Қол өнер шеберлері «аламан құрақ» байқауына қатысып, 250 метрлік құрақ көрпе тіккен. Бүгін олар бұл кәсіпті қолына алып, жас ұрпақ арасында насихаттау ретінде шеберлік сабақтарды өткізуді жөн көрді.

Ғалия Сұңғатова, қолөнер шебері:

Аламан құрақ бізге ниетімізді қосып...Сондықтан біз бірігуді ойладық. Білгенімізді жасұрпаққа үйрету мақсатында... Әрі қарай жалғастырмақ ойымыз бар.

Қолөнер шеберлер отандық өнім, бас киім, құрақ көрпелерді жасап, қолжетімді бағада халыққа ұсынады. Сонымен қатар қазақтың ұлттық киімі тақияны жасауға патент алған.

Карима Жаминова, қолөнер шебері:

Әрүрлі қолөнер бұйымдарын тігетін шеберлер әр жасалған туындыны ерекше ілтипатпен жасайды

Дина Ержанаова, қолөнер шебері:

Біздің ұлтық нақыштағы қолөнерімізді... Көрсетіп жұмыс жасап жатырмыз әр тіккен құрақтың... Сол балаға тұмар ретінде болады.

Шебірдің қолы алтын демекші қолөнерші ханымдар ұлттық нақыштағы тойбастар, жүннен жасалған киімдер мен кәдесый жасауды қолға алған.

Марина Мұхтарова, қолөнер шебері:

Тақиялар тігеміз, жүннен жұмыстар жасаймыз... Қазақ оюлармен әшекейлеп сондай бұйымдар жасаймыз.

Қолөнер – халқымыздың қасиеті мен ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.


Үмітжан Кенжетайқызы